Елбасымыз өзінің алып ағаш Бәйтерек туралы қиялының жүзеге асуы үшін белгілі ағылшын архитекторы Норман Фостерді шақырды. Қараңыздаршы, «Мәңгілік мұнарамыз» зәулім Бәйтерегіміз қандай ғажайып! «Астана-Бәйтерек» металдан, шыныдан және бетоннан жасалған әдемі архитектуралық ғимарат, оның масштабы таң қаларлықтай: Тамаша сәулет өнерінің туындысы темір, бетон және шыныдан жасалған. Темірден жасалған жалпы діңінің биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан астам. Ұшар басындағы шар тәрізді үлгі (ұя) 500 қада діңгекке байланған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады. Осы құбылмалы шар жер тағаннан 97 метр биікте орналасқан. Төменгі қабат немесе өмір ағашының нәр алатын жер асты бөлігі 4,5 метр тереңдікте орналасқан. Осы арада дәмхана, аквариум және шағын сурет галереясы бар.
Бәйтерек
Қазағым, қара орманым-байтақ елім,
Жақсыны, жаманды да байқап едің.
Асырған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы-бойлап өскен Бәйтерегің!
Нұрсұлтан-ел тірегі, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек.
Қазағым, шаттанатын кезің келді,
Алашқа қорған болар ұл тудым деп.
Танытып терезесі теңдігіңді,
Әлемге әйгіледі елдігіңді!
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,
Сақтай біл, ұлан-байтақ кеңдігіңді.
Н. Айтұлы