Оралхан Бөкей апталығы
«Оралхан бір оқылатын жазушы емес.
Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы,
түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер».
Дулат Исабеков
oku_1Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған апталық 2012 жылдың 14 маусымында  ашық аспан астында Оралхан Бөкей шығармаларынан үзінді оқумен жалғасты.
Іс-шара барысында «Бір ел – бір кітап» акциясы жайлы мәлімет берілді. «Оралхан Бөкей – асқақ Алтай жыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, акцияның биылғы жылғы басты шығармасы жазушы Оралхан Бөкейдің  «Қайдасың, қасқа құлыным» шығармасынан үзінділер оқылды. Кітапхана қызметкерлері оқыған үзінділерді аулаға жиналған барша қауым ілтипатпен тыңдады. Марфуға Айтхожина, Ғафу Қайырбеков, Серік Тұрғынбековтердің Оралхан Бөкейге арнау өлеңдері тыңдарман көңілінен шықты. Сонымен бірге, тыңдаушыларға О.Бөкейдің  дәйексөздері  мен  кітапхана қызметі туралы мәлімет жазылған  парақшалар таратылды.
Байланысшы: Слямова З. М.
Тел.: 26-39-46

17.06.2012 09:56 Жаңартылды
 

Афиша

11 2014 12 2014 01 2015
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31

Анкета

Сіздің ойыңызша Шығыс Қазақстанның ең тартымды туристік орындары?
 
 
+7 (7232) 261 333
+7 (7232) 263 087
director@pushkinlibrary.kz
ШҚО Өскемен қ.
Қазақстан к. 102

ВКОБ имени А.С. Пушкина © 1998 - 2014  Карта сайта
Besucherzahler
счетчик посещений