homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...

Робототехника


Read More...

Азаматтық құқық бойынша ақысыз кеңестер


Read More...
0123456789

Сәуір

1 сәуір
Самар ауданы аудандық өнеркәсіп комбинатының май өндіру зауыты іске қосылды.
3 сәуір
Предгорный селосында жас көрермендер слеті өтті. Балалар соғыс тақырыбындағы фильмдерді көрді.

4 сәуір
Мал шаруашылығы озаттарының облыстық жиыны өтті. 1941 ж. қорытынды жасалып, 1942 жылдың міндеттері талқыланды. Жиынға қатысушылар Семей облысы малшыларын социалистік жарысқа шақырды.

5 сәуір
Ертіс мыс қорыту зауытының ұжымы Белоусовка кеншілерін социалистік жарысқа шақырды. Мыс қорытушылар сәуір айының жоспарын мерзімінен бұрын орындауды, өнімнің өзіндік құнын сақтауды, жылу мен энергия шығынан 3 пайызға төмендетуді міндетіне алды.

6 сәуір
Семей қаласының кеме жасау зауытында Отан қорғаушыларға бірінші мамыр сәлемдемесін жіберуге арналған митинг болды.

8 сәуір
Шығыс Қазақстан кәсіпорындарында, мектептер мен мекемелерде майданға бірінші мамыр сәлемдемелерін жіберуге арналған қозғалыс басталды.
Ворошилов атындағы (Зырян ауданы) артель кеншілері 2000 руб. жинады. «Қайыңды» (Самар ауданы) кенінің жұмысшылары, қызметкерлері мен үй шаруасындағы әйелдер 15 сәлемдеме - посылка әзірледі.

10 сәуір
Жаңа–үлбі мектебі үкімет пен партияның үндеуіне жауап ретінде ұжымдық және жеке пайдаланатын бау-бақша көлемін кеңейтті. Өнім таңғы ыстық ас ұйымдастыруға жіберіледі өнімнің 10 пайызы ел қорғанысы қорына аударылады.

11 сәуір
Осоавиахим ұйымының Убаредмет кенішінде танкке қарсы истребительдер тобы құрылды, ал, Предгорное селосында радиотехника кабинеті жабдықталды, онда майдан үшін 20 радист-байланысшы әзірленді.

12 сәуір
Сталин атындағы ауыл шаруашылығы артеліндегі қызыл әскер Коноплевтің зайыбының бригадасы дала жұмыстарын таңғы сағ. 5-тен кешкі сағ. 11-ге дейін 3 ауысымда істейді.
Горький қаласы оқушыларының неміс-фашист басқыншыларынан зардап шеккен мектептерге көмек беру бастамасын қолдап, Түрксібтің №3 Шар мектебінің оқушылары 300-ден аса оқулық, қарындаш, дәптерлер жинады.

15 сәуір
Лениногорскіде 1942 жылдың Мемлекеттік Әскери заеміне жазылым жүрді. Соколный кенішінің стахановшы-гвардияшылары Худяков, Овчарук, Давыдченко жарты айлық, ал, Герасимов пен Кокорин – екі айлық еңбек ақы мөлшеріндегі заеміне жазылды.

17 сәуір
Ертісгэсқұрлыс, сыра зауыты, ет комбинаты, Союззаготтранс, Алтай полиметалл комбинаты металл сынықтарын жинаудан тоқсандық жоспарын артығымен орындады.

18 сәуір
Семей қаласы Калинин ауданы кәсіпорындары мен мекемелерінің еңбекшілері бір күндік еңбек ақыларын майданға бірінші мамыр сәлемдемесі ретінде бөлді.

 

19 сәуір
Зайсан қызметкерлері  аудан колхозшыларына жер жырту және егін себу жұмыстарына көмек берді. «Правда» колхозының ат бағушысы Бражин жолдас атпен бір ауысымда 9-12 гектар жерге дән себеді, норма бойынша 6 гектар.

22 сәуір
Тарбағатай ауданы дәнді дақылдарды себуді 5 күнде аяқтады. Колхозшы-стахановшылар күнделікті нормаларын 500 пайыз орындады.

23 сәуір
Тарбағатай ауданынан Солтүстік- Батыс майдан жауынгерлеріне 198 сәлемдеме-посылка, 115 сәлемдеме-посылка – Күршім ауданынан әзірленіп жіберілді.

 

25 сәуір Лениногор қорғасын зауыты ұжымы Н-гвардия полкінің комиссары, политрук М.Ғабдуллиннен хат алды. Хатта жерлестері  Төлеген Тоқтаровтың Совет Одағының батыры атағына ұсынылғаны туралы хабарлайды

28 сәуір
Неміс басқыншылығынан зардап шеккен аудандарға көмек ретінде Тарбағатай ауданы колхозшылары жоспардан артық 105 гектар дәнді-дақыл сеуіп, 40 қой мен ешкі, 40 аса ірі-қара өткізді.

 

30 сәуір
Көкпекті ауданының «Чигилек» совхозының жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасылары Бірінші мамыр мерекесі қарсаңында Қызыл армияға сәлемдемелер жіберді. Барлығы 300 кг. кепкен нан, 500 дана жұмыртқа, 30кг. кепкен ет, 20 кг. сары май және т.б. азық-түлік жіберді.

​