homesemail1sm

Қазақ тілі_клуб


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостейЖүректен жүрекке

Жүректен жүрекке

Елордамыздың туған күні қарсаңында біз "Алтай" қайырымдылық қорына барып қайттық.  Осында тәрбиеленіп жатқан балаларға кітап апардық. Бұл кітаптарды балалар жыл көлемінде оқиды, оқып біткенде кітапхана жаңа кітаптар  апаруды жоспарлап отыр. 

Біз оларға кітап апарып қана қоймай, "Жүректен жүрекке" қоғамдық қорымен бірге көтеріңкі көңіл-күй сыйладық. 

Кітап білім және мәдениет  көзі ретінде мейірімділікке сенетіндерді біріктіреді. "Алтай"  қорының тәрбиеленушілері өздерінің кітапхана бұрыштарында біз әкелген жаңа кітаптарды әдемілеп жинастырып, басылымдарды қызығушылықпен парақтай бастады.  

Дидар,  «Алтай» қорының тәрбиеленушісі:

-Мен кітап оқығанды жақсы көремін, Ал, мұнда ертегілер де  қызықты әдебиеттер де көп екен.   

Нургуль Кудайбергенова, кітапхананың бас маманы:

- Балалардың кітаптарды қарап оқуға қызығушылықтарын көру өте қуанышты. Кітап оқу бала бойындағы барлық жақсы қасиеттерді қалыптастырады. 

Абенова Бахтина Калмакпаевна, кітапхана директорының орынбасары  қор тәрбиеленушілерін кітапханаға қонаққа шақырып, біздегі үйірмелер, шет тілдерін үйрену курстары жайлы әңгімелеп берді.

Укасов Меир Аргембекович, «Алтай» қайырымдылық қоры директорының орынбасары:

- Біз кітаптар үшін кітапханаға алғысымызды білдіреміз, өйткені біздің кітапханамыздағы  кітап қоры біраз жаңаланып қалды.  Балаларымызға баға жетпес сыйлық жасап жатыр. Кітап дегеніміз ақыл мен білімнің қазынасы.  Волонтерлер балаларымызға арнайы мерекелік бағдарлама дайындап әкеліпті. Бәріміздің көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. 

Балалармен кездесуге Өскемен Орталық мешітінің бас имамы  Жұмабеков Бауыржан  Нүзбекұлы келді.:

- Қазір мұсылмандарда киелі рамазан айы өтуде.Барлық жандар бір-біріне мейірімділік танытып, қайырымдылық жасауда. Ал, ақиқат сөздің барлығын кітаптан оқып білуге болады.  Балаларға айтар ақылым, олар ата-бабаларымыз салып кеткен ізгі жолмен жүріп,  әрқашан жандары  таза болсын.   

fkbfq 1 fknfq 2

fknfq 3

fknfq 4

 
fknfq 5 
 fknfq 6  fknfq 7
 fknfq 8

 fknfq 9  IMG 9512

  Байланысшы : Жансая Ашкенова  тел:2613 333