homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостейӨмірдің гүлі мен нұры – өздерің!

Өмірдің гүлі мен нұры – өздерің!

Көңілімізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Бұл көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы. Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы.

«Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз», - деп ақын жырлағандай, арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі ана деп соқса, осы мерекеге байланысты біздің кітапханамызда ұйымдастырылған «Өмірдің гүлі мен нұры – өздерің» атты кітап көрмесі де аналарға арналады.
       Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеуге, сыйлай білуге,  ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқырмандарды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
    Көрмеге Ғабит Мүсреповтің «Адамның анасы», «Ұлпан»; Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу»; Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек»; Назира Бердалының “Ару Әлем” Мәуітқазы Зүкеновтың «Әлемнің құдырет күші - аналар»; Таңсұлу Алдабергенқызының «Әйел-Әлем»; «Қазақ тарихындағы әйелдер», «Ұлы даланың ұлы қыздары», «Алаш қызы Гүлнар» атты жинақтар және т.б. туындылар, мерзімді басылымдар, жергілікті ақын-жазушылардың әйелдер тақырыбына жазған шығармалары қойылған.

      Ұжым, мектеп оқушыларын, студенттер мен қала тұрғындарын кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз. Келіңіздер, көріңіздер!                                                                                                              Ансабаева Роза

 

8mart11 8mart8 8mart6 8mart5 8mart22 8mart2
8mart10 8mart9 8mart33 8mart1 8mart7  8mart12