homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...

Робототехника


Read More...

Азаматтық құқық бойынша ақысыз кеңестер


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостейРобототехника – болашаққа қадам

Робототехника – болашаққа қадам

5 сәуір сағ. 9.00-де кітапхананың мәжіліс залында «Робототехника – болашаққа қадам» атты семинар-тренинг өтеді. Ал сағ. 14.00-де жастардың технологиялық шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған робототехникадан жарыс ұйымдастырылады. Біздің кітапхана қазірдің өзінде ресурстар орталығы әрі бағдарламалау, лего-құрастыру, робототехника саласы бойынша пайдаланушылардың шығармашылығын арттыратын орынға айналып үлгерді.

Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында «Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек»,- деген.

Аталған семинар-тренинг робот құрастыру жөнінде тәжірибе алмасып, Қазақстанның болашақ инженерлерін тәрбиелеуде кітапхана мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасайды. Жастар интеллект-орталығының маманы Валерий Малышев, робототехника бойынша халықаралық санаттағы тренер Думан Тоқтасынов және математика, физика, информатика саласы бойынша дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің оқытушысы конструктор құрау және роботтарды бағдарламалау жөніндегі өз тәжірибелерімен бөліседі. «ҮМЗ» АҚ маманы кәсіпорындағы автоматты желілер туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, семинар барысында «Лига роботов» робототехника секциясы федералді желісінің жетекшілері Н. Пак және М. Гуськовпен онлайн-кездесу өтеді. Бұл – инженер ісіне оқытуға бағытталған ірі робототехника мектебі. Олар мамандар біліктілігін арттыру және оқушыларды техника саласына ынталандыру жүйесіне кеңінен тоқталады.

Кітапхана мамандары әзірлеген әдебиеттер мен интернет-ресурстар оқытушыларға сабақ жоспарын жазуда қажетті әдебиеттер іріктеуге мүмкіндік беріп, STEM-білім беру заманауи қағидасымен таныстырады.

Кітапхананың Америкалық орталығының маманы Әсем Екімбаева қонақтарды Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен таяуда ашылған Makerspace шығармашылық кеңістігімен таныстырып, үш өлшемді принтер мен оның артықшылықтарын ұсынады.
Жас инженерлер мен қала оқушылары өз роботтарын ұсынып, робот құрау бойынша үш санатты атаққа ат салысады, олар: кегильринг, түзу жолмен жарысу және робосумо. Семинарға қатысушы ұстаздар жарыс жеңімпазын анықтайтын болады. Семинарға мектеп, колледж, университет директорларын, меңгерушілерін, оқытушыларын шақырамыз. Қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.


                                                                                                                                 Байланысшы: Алханова Раушан, 261333, ішкі 119