homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостейXX ғ 30-40 ж.ж. Қазақстанда латын қарпінде жарық көрген басылымдардан ретро-көрме

XX ғ 30-40 ж.ж. Қазақстанда латын қарпінде жарық көрген басылымдардан ретро-көрме

Бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отырған латын әліпбиі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрініс тауып, мақсаты айқындалып, халықтың назарына ұсынылған болатын. Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы облыс орталығы Өскемен қаласындағы зиялы қауымға таныстыру үшін кітапханамыздың алтын қорындағы латын қарпінде баспа көрген сирек басылымдардан «Латын қарпіндегі басылымдар Абай атындағы кітапхананың сирек қорында»- тақырыбында сирек кітаптар көрмесін ұсынады.

Көрме: қоғамдық-саяси ғылымдар, білім беру ісінен, тіл білімі, жаратылыстану ғылымдары, техникалық әдебиеттер, денсаулық сақтау медицина, ауылшаруашылық, әдебиеттану, тарих ғылымдары, көркем әдебиеттен, татар тіліндегі басылымдардан сондай-ақ, мерзімді басылымдар – бөлімдерінен тұрады. Көрмеге кітапхананың алтын қорынан 200 жуық латын қарпіндегі басылымдар қойылады.
Шара қонақтарына латын қарпіндегі басылымдардың «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхананың сирек басылымдар қорындағы латын қарпіндегі басылымдар» тақырыбында слайд көрсетілімі мен кең көлемді библиографиялық шолу ұсынылады.
Латын қарпіндегі сирек кітаптар көрмесінен жоғарыда аталған ғылымның барлық саласынан қазақ елінің сол тарихи кезеңдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінен ақпарат беретін ұлт зиялыларының зерттеулері, ғылыми еңбектері көрініс табады. Ғылым салаларындағы әдебиеттер Қ.Басымұлының, Қ.Жұбановтың, Т.Шонановтың, Ұ.Құлымбетовтың, Т.Арыстанбековтың, А.Маметовтың, А.Сейітовтың, Ә.Ермековтың, М.Әуезовтың еңбектерімен көрініс табады.
Көркем әдебиет Абай Құнанбайұлының 1936 жылы Р.Жаманқұловтың редакторлығымен баспа көрген «Таңдамалы өлеңдерімен» басталып, жыр алыбы Жамбылдың М.Қаратаевтың жауапты редакторлығымен «Жамбылдың өлеңдерімен» (1937) жалғасып, Қ.Әбдіқадыровтың «Сатпаев», «Салмақпай» деген бүркеншік есімімен жариялаған Ж.Сәрсековтың «Тоқсаны» (1936), С.Сейфуллиннің «Қызыл ат»(1934) поэмасы, С.Мұқановтың «Ақ аю» (1935), Д.Әлімбаевтың «Толғау» (1941), Еркімбеков Дүйсенбектің «Шымыр»(1939), Қ.Аманжоловтың "Өмір сыры"(1938), Ә.Әбішевтің «Армансыздар», (1938), Қ.Тайшықұлының «Октябрь ұшқыны»(1935), М.Дәулетбайұлының «Қызылжар»(1935), С. Шәріповтың «Бекболат»(1937), Тайыр мен Меллаттың «Ұлан даусы»(1934), «Қазақ ақындарының өлеңдері» (1937) жинағы сынды әдебиеттерден тұрады. Бейімбет Майлиннің «Азамат Азаматыч» (1934) романы мен «Романовтардың соңғы күндері»(1932)- атты П.М.Быковтан аудармасы жатады. І.Жансүгіровтің Таңқыбай деген бүркеншік есіммен жазған «Құқ» фельетондар жинағы, Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат»(1934) поэмасы көркем әдебиетімізді толықтырады. Көрменің татар тіліндегі басылымдар бөлімінен татар ұлтының зиялысы, қазақ елімен, ұлт зиялыларымен тығыз қатынаста болған Ғалымжан Ибрагимовтың шығармаларымен таныса алады.
Көрмеге: 1.Комсомол пропагандисі (1940 ж.), Әдебиет майданы (1937ж) журналдары, Екпінді Алтай 1939, Екпінді 1935-1939ж., Еңбекші қазақ 1931, Социалистік майдан 1939,.Лениншіл жас 1931-1941ж.,Түрксіб 1937,Социалистік Қазақстан 1934, 1938,.Социалистік еңбек 1940 газеттерімен танысуға болады.

 

Ақпаратты дайындаған: ақпараттық библиографиялық
қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Ж.Ә.Манжибаева
Тел:.8(7222)52-38-87