homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...

Робототехника


Read More...

Азаматтық құқық бойынша ақысыз кеңестер


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостейЭКСПО-2017 - еліміздің өмірі мен тарихының алтын беттерінен: Астананың 20 жылдығына арналады

ЭКСПО-2017 - еліміздің өмірі мен тарихының алтын беттерінен: Астананың 20 жылдығына арналады

2018 жылдың 9 ақпанында сағат 16.00-де кітапхананың мәжіліс залында «Как прошло EXPO 2017?» фильмінің көрсетілімі өтеді. Фильмнің авторы Мишелев Алишер үш ай бойы Астана қаласындағы «EXPO2017:Болашақ энергиясы» мамандандырылған көрмесінде жұмыс істеді.
Фильмде Алишер жұмыс жасаған Монако Корольдігі павильонынының өкілдері, қызмет еткен жастар командасы өздерінің көрме жұмысынан алған әсерлерімен бөліседі.

Тұсаукесер көрсетілімінде көрермен мамандандырылған көрменің көпшілікке белгісіз, құпия жақтарын да білуге мүмкіндік алады.

Командадағы жұмыс қалай ұйымдастырылды, не ұнады, адамдар арасындағы қарым-қатынас, болашақтың энергиясын пайдалану туралы ЭКСПО фильмінің кейіпкерлері айтып береді..
Болашақ журналист, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Мишелев Алишер өзінің «Жастар Ералашы», «Біздің Өскемен» / «НашаУскамаша» бейнефильмдерімен көрермен көзайымына ие болған .
Алишер ЭКСПО алаңында жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап әлеуметтік желілерде, YouTube арнасында көрме туралы өзінің бейне-репортаждарымен әрдайым бөлісіп тұрды. А.Мишелев өзінің «Как прошло EXPO-2017?» деректі фильмін елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арнайды, және осы Бүкіләлемдік көрмеде алған тәжірибесі көрерменге пайдалы әрі қызықты болады деп сенеді.
Фильмнен кейін авторға сұрақ қойып, оның шығармашылық жұмысына баға беріп, фильм туралы пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар.
Фильмнің презентациянсына журналистерді, блогерлерді, студенттерді, жоғары сынып оқушыларын және талантты жастарды шақырамыз.
Әрі қарай ЭКСПО халықаралық көрмелерінің барлық тақырыптары мен өткізілетін, қалалар мен елдер қазақстандықтардың назарын аударатыны сөзсіз.
Естеріңізге салсақ, алдыңғы ЭКСПО 2015 көрмесі Миланда өтсе, ЭКСПО 2020 көрмесі Біріккен Араб Әмірліктерінде Дубайда өтетін болады. EXPO-2022/2023 мамандандырылған көрмесіне белгілі кандидаттар: Миннеаполис (АҚШ), Лодз (Польша), Буэнос-Айрес (Аргентина) болса, EXPO-2025 көрмесіне үміткерлер Екатеринбург, Осака, Баку және Париж болып табылады.

Байланысшы: Ашкенова Жансая, тел. 261333, ішкі. 119