homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...

Робототехника


Read More...

Азаматтық құқық бойынша ақысыз кеңестер


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостейБіріккен Ұлттар Ұйымына 70 жыл

Біріккен Ұлттар Ұйымына 70 жыл

19 қарашада кітапханада БҰҰ-ның 70 жылдық мерейтойына арналған "Мықты БҰҰ тұсында әлем жақсарады" атты әдебиеттер көрмесі ашылды. «БҰҰ-ның мақсаттары әсіресе біз сияқты көпұлтты мемлекеттерге жақын . Ұлттар қоғамдастығы арқылы Қазақстан жалпы адамзат қауымының проблемаларын шешуде өз үлесін қосуда" деген елбасымыздың  БҰҰ-ның 70 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзін  ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Мұқашұлы өз  сөзінде айтып өтті.

Тұсаукесерде Қазақстандағы БҰҰ  даму бағдарламасының  координаторы Малика Қоянбаева сөз алып, «Ауылдық онлайн-орталықтар» және «Кедергісіз  кітапхана » сияқты бірлесіп іске асырған ауқымды жобалар, БҰҰ-ның мерейтойына арнап ұйымдастырған  әдебиеттер көрмесі үшін  кітапхана ұжымына  алғысын білдірді.  Сондай-ақ  басқосуға қаламыздағы Ресей Федерациясы консулдығынан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан қонақтар, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер келді.

 Көрмеде БҰҰ-ның негізгі бағдарламалық құжаттары, 70 жыл ішіндегі қызметі мен жетістіктеріне арналған ақпараттар жинақталған. Мысалы, қызықты деректің бірі – БҰҰ 11 рет Нобель сыйлығына ұсынылған.

Әдебиеттер көрмесінің бір бөлімі БҰҰ мен біздің еліміздің өзара қарым-қатынастарына арналған. Бөлімде Қазақстанның БҰҰ мақсаттарының жүзеге асуына қосқан үлесі ғана емес, мемлекетіміздің өз мүддесін қорғау мәселесі туралы ақпараттар ұсынылған. БҰҰ-ның Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылған бағдарламалары да қамтылған. БҰҰ бастамалары жайындағы мәліметтерді аналитикалық, анықтамалық, әдістемелік әдебиеттер толықтырады. Олардың ішінде «Устранение барьеров для повышения энергоэффективности коммунального теплоснабжению», «Достигнутые результаты и уроки реализации проекта ПРООН и Глобального экологического фонда в Казахстане», «Наращивание возможностей КСК для повышения эффективности жилых зданий. Справочная информация на каждый день» еңбектері берілген.
Көрмеде ұсынылған әдебиеттерді кітапхананың оқу залында және үйге алып оқуға болады. Көрмеге хош келдіңіздер!
Байланысшы: Ашкенова Ж.
т.: 261333

IMG 4438 IMG 4433 IMG 4445 IMG 4432 IMG 4418 IMG 4525