homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...
0123456789
Негізгі бетКітапханаEXPO-2017 қарсаңында

EXPO-2017 қарсаңында

bandeau expo2017

 

"Баламалы энергия көздері. Германияда жасалған" технологиялық көрмесі

 

4 сәуір сағ. 11.00-де А.С.Пушкин атындағы кітапханада Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының мәдениет пен баспасөз мәселелері жөніндегі атташесі Элизабет Рихтер ханымның қатысуымен көрменің салтанатты ашылуы өтті.
«Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін EXPO 2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі Астана қаласында ұйымдастырылғандықтан, Германияның Астана қаласындағы Елшілігі Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның сегіз қаласында «Renewables. Made in Germany» технологиялық көрмесін ұсынады.
DENA Германия энергетикалық агенттігімен әзірленген көрме материалдары сенімді де экологиялық электрэнергиясы мен оны пайдалану келешегіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңартылған энергия көздерінің техникалық мүмкіндіктерімен таныстырды.
Аталған көрме 4-10 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласы әкімдіктерінің қолдауымен А.С.Пушкин атындағы кітапханада ұсынылады.

 

EXPO-2017 жастар көзімен

2 наурыз күні кітапханада "Сұхбат" интеллектуалды жастар клубының жаңа маусымы ашылды. Кездесуіміздің тақырыбы жаңа технологиялық  жетістіктерді жариялайтын ЭКСПО-2017 халықаралық  дүниежүзілік көрмеге арналды. Отырыс басында клубқа қатысушылар көрме тарихы жөнінде және оған қатысқан әртүлі елдердің павильондарынан мағлұмат беретін бейнематериалдарды тамашалады. Жастар халықаралық көрме жөнінде қызығушылық танытып әрқайсысы өз ойларын ортаға салды. Талқылау барысында ЭКСПО-ны өткізу пайдалы ма? Көрмеден қалған нысаналарды қайтпекпіз? Оның мақсаты мен мұраты қандай? Ауқымы қандай? Осындай ауқымды шараны өткізу қолымыздан келе ме?.. деген сияқты сұрақтар туындады.  Алайда жастар бірауыздан аталған үлкен шараның пайдалы жағын қарастырып, біз өз деңгейімізде сәтті өткізе аламыз деген зор сенімдерін білдірді. Мәселен, ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар көрмеге қойылып, олардың жұмыс істеу принціптері көрсетіледі. Сол арқылы біз жаңа технологияларды көріп, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта қалай дамып бара жатқанына куә боламыз. Сондай-ақ 3 айлық науқан барысында Қазақстан қызмет көрсету саласын сыннан өткізіп, тәжірибе жинақтап алуға мүмкіндік туады. Көрмеге келген қонақтар тек Астана қаласымен шектелмей, Алматы, Бурабай қатарлы көрікті жерлерге ат басысын бұрып, Қазақстанның жарнамасын жасайды. Ең әуелі, ЭКСПО-2017 ел бюджеті үшін шығын емес, инвестиция ретінде қарауымыз керек деген пікірлерін білдірді. Ендігі біздің міндет осындай белсенді жастардың жағымды ойларын қолдап, көрменің сәтті өтуіне жұмыла атсалысып халыққа насихаттауымыз керек.
 

EXPO-2017 ақпараттық семинары

22 ақпан күні кітапханада Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ информатика және энергетика факультетінің 2-3 курс студенттері мен жетекшілері Р.К. Нұрсадықованың қатысуымен “EXPO-2017” Халықаралық көрмесіне арналған ақпараттық семинар өтті.

Көрменің басты тақырыбы - "Болашақ энергиясы". Бүгінгі шараға қатысып отырған студенттер “EXPO-2017” көрмесін өткізуге ат салысатын болашақ мамандар. Оларға берілген ақпарат қызығушылық тудырып, "жасыл" энергияның берер пайдасы, Шығыс Қазақстанда қолданылуы жайында үлкен пікірталас тудырды. Алдағы уақытта студенттер осы тақырып бойынша өздерінің жобаларын қорғап, талқылап, ой бөлісу мақсатында бұл іс-шараны жалғастырамыз деп тарасты.

 

EXPO сабақтар

EXPO-2017 көрмесін өткізудің Қазақстан үшін қандай пайдасы бар? – Америка мәдени орталығында өткен медиа-оқуда 4 мектептің жоғарғы сынып оқушылары осы сауал төңірегінде ой өрбітті. 

Дәрісте оқушылар ЭКСПО тарихынан, сондай-ақ, бұл Халықаралық көрмеге Қазақстанның қатысуы туралы көптеген қызықты ақпараттармен таныс болды. Әсіресе балаларға "ЭКСПО-2017. Астана" бейнепрезентациясы қатты ұнады. Олар еліміздің бас қаласының бес жылда қаншалықты өзгеретінін, Халықаралық көрмеге ғалымдар, сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайншылардың қандай тосынсыйлар әзірлегенін біле алды.
Балаларды: Бұл көрме не себептен өткізіледі? Оны өткізуге қанша қаржы кетеді? Көрмеге кез-келген адам қатыса ала ма?, деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Сабақ соңынан балалар ТМД және Орталық Азия елдерінде өткізілетін тұңғыш Халықаралық көрмеге барлықтары баратын болып бір ауыздан шешім қабылдады.

 

Бәрі де EXPO жайында

Популярно об EXPO 13 ақпанда кітапхананың ЭКСПО-17 көрмесіне арналған бағдарламасының тұсаукесері өтті. "Бүкіл қазақстандықтардың Халықаралық көрмені өткізуге белсенді атсалысатынына менің ешқандай күмәнім жоқ", - деп Елбасымыз айтқандай, бұл ат салысуға Пушкин кітапханасы да кірісіп кетті. Кітапхананың басты мақсаты – барлық санаттағы тұрғындарға осы көлемді іс-шара жайында ақпарат беру.

Тұсаукесер екі залда мемлекеттік және орыс тілінде өтті. Жиналған қонақтар қатарында: ұстаздар, оқытушылар, оқу орындары директорларының орынбасарлары, мәдениет қызметкерлері, ғалымдар, экологтар мен журналистер болды.
Тұсаукесер екі залда мемлекеттік және орыс тілінде өтті. Жиналған қонақтар қатарында: ұстаздар, оқытушылар, оқу орындары директорларының орынбасарлары, мәдениет қызметкерлері, ғалымдар, экологтар мен журналистер болды.
Тұсаукесер барысында ЭКСПО тарихы және Қазақстанның осы Халықаралық көрмеге қатысуы жайында мәлімет берілді. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларды сайттағы осы тақырыпқа арналған парақшамен таныстырды www.pushkinlibrary.kz.
"ЭКСПО-2017. Астана" бейнепрезентациясы ерекше ықыласпен тамашаланды. Қатысушылар астанамыздың келбеті бес жылда қаншалықты өзгеретінін, ғалымдар, сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайншылардың Халықаралық көрмеге қандай тосынсыйлар әзірлегенін біле алды. Қазақстан тарихындағы осы ірі оқиға – ғылыми әрі шығармашылық ойдың жаңа айналымын сомдап, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму беделін жаңғыртары сөзсіз. Бұл орайда: "Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және "жасыл" технологиялар алуда аса зор мүмкіндік", – деген Президентіміздің сөздері де орынды.

​