homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...

Робототехника


Read More...

Азаматтық құқық бойынша ақысыз кеңестер


Read More...
0123456789

Тұсаукесер

3 қарашада кітапханада Борис Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабының презентациясы өтті. Тұсаукесерге жазушылар, журналистер, студенттер, филологтар, кітапханашылар жиналды.

«Енді кемеңгер, ұлы Абай дәуірін қайтару мүмкін емес, сондықтан мен ақын өмір сүрген, өшпес шығармаларын жазған, сүйген жандарымен кездескен жерлерге көңіл тоқтаттым...Жазушы, ғалым Борис Васильевич Щербаков өзінің «Жидебайдың жұлдызды даласы» – «Звёздная степь Жидебая» жаңа кітабының алғысөзін осындай тамаша сөздермен бастаған екен.
Абай шығармашылығын ақын туып-өскен Жидебай өңірінің рухани кеңістігіне терең бойлап, сезіну арқылы зерттеу, Борис Васильевичке Абай шығармаларының ақиқатын ұғынуға жол ашты.
Автор жылдар бойы Жидебай туралы кітап жазуды армандады. Абайдың табиғаттың жаңаруы, халық тағдыры, өмірінің шуақты сәттері бейнеленген шығармаларының әсерін ақынмен бірге бастан кешу – Б.В. Щербаковты өз Абайын табуға және оны ақынның шағын отаны арқылы тануға жетеледі.
Ол осының бәрін Жидебайда ғана сезіне алды ... Абайға барар жолды оның жүріп өткен ізінен іздеу, Қазақстанның рухани жаңғыруына апаратыны сөзсіз, оның қазіргі күні барша қазақстандық үшін маңызы үлкен.
Біз жаңа тарихи дәуірдің алдында тұрмыз, ал, Абай біздің санамыз бен мәдениетімізді, рухымызды жаңа деңгейге көтеретін жол көрсеткіш жарық жұлдыз іспетті. Оның даналық ойлары біздің еліміздің жаңаша сапалы дамуына күш беріп, жол ашады. Бұл – президеніміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани сананы жаңғырту» мақаласында айтқан рухани жаңғыруы.
Автор кітабында Жидебай елі мен жерінің қасиетін, тарихын, Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан әйгілі адамдары туралы жеткізе әңгімелеген. Жидебайдың көрікті табиғаты, ұлы ақын туып-өскен мекеннің киелі орындары ерекше суреттелен. Кітаптың әр бөлімі Жидебай туралы қызықты мағлұматтар беріп, оқырманды осы қасиетті мекенге жақындата түседі.

gidebai 1 1 gidebai 1 17 gidebai 1 18 gidebai 1 3 gidebai 1 2 gidebai 1 6
           
gidebai 1 5 gidebai 1 8 gidebai 1 4 gidebai 1 9 gidebai 1 10 gidebai 1 11

 

gidebai 1 12  gidebai 1 13  gidebai 1 15  gidebai 1 16

Контакты: Валентина Райхель,тел.261 333, вн.119

Bahis
Antalya escort