homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...
0123456789

Әйелдер әлемі

Ғажайып әйелдер тағдыры - мұнда басты кейіпкер әйел-ана, яғни, әдемілік пен әсемдік жарасқан ерекше әйелдердің жарқын өмірі миллиондар жүрегінде мәңгі қалады.
Міне, Халықаралық әйелдер мерекесі күні - ОЛАР – әйел-аналар Пушкин кітапханасының 1-ші қабатындағы фойеде «Әйелдер әлемі» атты кітап экспозициясынан орын алды.

Әйел – ол әрқашан рух беруші, ұйымдастырушы, муза. Тарихты кім жасайды, әлемді кім өзгертеді? Әрине ер-азаматтар: ұлы қолбасшылар, патшалар, императорлар, ғалымдар ... дегенмен, олардың жанында үнемі барынша көреген және дана әйелдер жүріп, қолдау берді... әйелдер мемлекет басқарды, елін қорғады, ер-азаматқа тірек болды...
Сондықтан да, көрмені Ұлы дала тарихының әйгілі әрі есімі аңызға айналған әйелдері туралы кітаптар ашады. Олар скиф патшайымы Тұмар, сақ патшасының қызы Зарина патшайым, Сыр-Дария жағалауын билеген Роксонаки. Осындай дана әрі қайратты әйелдер туған елінің бейбітшілігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп, осы жолда жеке өмірін құрбан етіп, ерлік пен патриотизм символына айналды. «Ұды даланың ұлы қыздары» (2013) анықтама кітапта жүрегінде жарық пен жылу ұшқыны ұялаған 25 көркем әрі данагөй әйел келбеті ұсынылған. Кітап үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген. 2016 жылы «Ұлы даланың дара тұлғалары» сериясымен ұлы даланың ұлы әйелдері туралы «Қазақ тарихындағы әйелдер» атты кітап жарық көрді. Бұл кітапта Қазақстан тарихында ізі қалған 90 әйелдің тарихи тұлғасы жайында әңгіме өрілген.
Әйел портреті галереясы Бибігүл Төлегенова, Коко Шанель, София Ротару тәрізді тағы басқа танымал тұлғалардың ғажайып өмірімен жалғасады.
Көрмеден әсіресе, біздің жерлестеріміз жайында Шығыс Қазақстан және Өскемен қаласының Іскер әйелдер қауымдастығы шығарған «Жемчужное ожерелье» (2011ж.) және «Окрыленные женщины Казахстана. Восточно-Казахстанская область» (2015ж.) кітаптарын ерекше атауға болады, онда Шығыс Қазақстанның 50-аса белгілі, табысты, беделді және белсенді әйелдері жайында баяндалған.
Әйелдерге арналған көпшілік журналдарды ұнатып оқитындар жаңа журналдармен таныса алады. Сондай-ақ, шаш қою үлгісі, сәнді киім үлгілері, үй әдемілігі, мерекелік тағамдар әзірлеу туралы кітаптар қойылған. Жас жеткіншектерге көрменің «Ару қыздар әлемі» бөлімі, кішкентай оқырмандарға «Дудар қыз/Девушка Дудар» «Бұршақ ханшайым / Принцесса на горошине», «Күл қыз/Золушка», «Қызыл телпек/Красная шапочка», «Девушка с золотым кольцом» тағы басқа ертегілер ұсынылған.
Сіздерді көрмемен танысуға асыға күтеміз!

zsenchina 1 5 zsenchina 1 1 zsenchina 1 3 zsenchina 1 4 zsenchina 1 6 zsenchina 1 7

Байланыс тел.: 26-13-33 (119)