homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...

Робототехника


Read More...

Азаматтық құқық бойынша ақысыз кеңестер


Read More...
0123456789
Негізгі бетРухани жаңғыру: Ғылым мен космонавтика күні

Рухани жаңғыру: Ғылым мен космонавтика күні

12 сәуірде кітапхана ғылым мен космоновтика күнін атап өтті. Қаламызда тұңғыш рет Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы мамандарымен онлайн кездесу өткізілді. Онлайн кездесуге ҰҒЗМТ АҚ-ның вице-президенті Б.Э.Бекмухамедов, Астрофизикалық институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі директоры Р.Р. Валиуллин және жерді қашықтықтан зондтау Департаменті директорының орынбасары Р.Б. Ақназаров қатысты. Қонақтар орталықтың жұмысы ғарыш, зерттеулері, қазақстандық ғарышкерлердің ғарышқа ұшуы туралы әңгімелеп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Балалық шақта кім ұшуды армандамайды!? Бұл күні оқушылармен өткен тағы бір қызықты кездесу азаматтық авиация ұшқыштары Грунский Денис және Станислав Пестовпен кездесу болды. Ол азаматтық авиация, ұшқыш мамандығы, ұшу сапары кезіндегі қызықты оқиғалар жайында тартымды әңгіме жүргізді.

Су астындағы «ғарыш» - ихтиологияға арналған кездесуді биология ғылымдарының кандидаты, ихтиолог Людмила Андреевна Федотова жүргізді. Су асты мекендеушілері, балықтар өмірі мен мінез-құлқын зерттейтін қызықты мамандық жайлы, балықтарды өсіру жағдайлары туралы қатысушылар ерекше қызығушылықпен тыңдады.

Алтай мемлекеттік университетінің аспиранты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің өсімдік биологиясы және биотехнологиясы зертханасының қызметкері Айдын Оразов өсімдік биотехнологиясы саласындағы зерттеулер туралы презентациясын ұсынды.

Жас ғалым өсімдіктер өсіру бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер мен эксперименттер туралы әңгімелеп берді, олардың нәтижелерінің бірі картоптың бес түрін анықтап, өсіру болды. Сондай-ақ, қонақ дәрі-дәрмек өсімдіктер саласындағы ғылыми зерттеулердің перспективалармен бөлісті
Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Ролланд Мухамедияровтың жетістіктері бізді таң қалдырды, ол халық ертегілеріне негізделген өзінің керемет мультфильмдерін ұсынды.

Болашақ өнертапқыштар -жас техниктер станциясы мен №25 мамандандырылған мектеп-лицейі роботтар мен ұшу модельдерінің көрмесін ұсынды.

Ғылым мен космонавтика Күніне арнайы Шоқан Уәлиханов, Сәрсен Аманжолов, Дәулет Серікбаев тәрізді тағы басқа әйгілі қазақстандық зерттеушілер мен ғалымдар туралы әдебиет көрмелері ұйымдастырылды. Қазақ ССР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, ғалым-геолог, бүкіл өмірін еліміздің ғылыми өмірін дамытуға арнаған Қаныш Сәтпаевқа жеке көрме ашылды. Келесі кітап-журнал экспозициясы және ғылыми-көпшілік дискілер жинағы Ғаламшарды игеру тарихын және біздің ғарышкерлеріміз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев жайында әңгімеледі.

DN 1   DN 4  DN 14  DN 18  DN 13  
 DN 2  DN 5  DN 7  DN 20  DN 21  

 


Контакты: тел. 261333