homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...

Робототехника


Read More...

Азаматтық құқық бойынша ақысыз кеңестер


Read More...
0123456789
Негізгі бетМенингококк ауруынан сақтанайық!

Менингококк ауруынан сақтанайық!

Бүгін кітапханада "Менингокок инфекциясының алдын алу" тақырыбында дәріс өтті. Жұқпаның алдын алу шаралары туралы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мемлекеттік мекемесінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы  З.С. Бакенова мен  "Нұрсалауат" и специалист жастар денсаулығы Орталығының  маманы Маралбекова С.М. айтып берді.

Менингококк жұқпасы – ми қабығының қабынуымен (менингит), өзінің асқынуларымен қауіпті, бактериалдық жұқпалы ауру. Жұқпаның қоздырғыштары - менингококк бактериялары, олар ауа-тамшылары арқылы – сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде беріледі. Менингококк жұқпасын таратушылар:
-мұрыны мен тамағы ауырған науқастар,
- аурудың ешқандай белгісі жоқ, бактерия тасымалдаушы, ересектер адамдар.
Менингококк жұқпасына әртүрлі жастағы адамдар бейім келеді, бірақ көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар ауырады және олардың арасында өлім-жітім жағдайлары да жиі кездеседі. Аурудың ең көп тіркелетін мезгілі –көктем айлары.
Аурудың алғашқы белгілеріне а ерекше көңіл бөліңіздер:
1. Дене қызуының кенеттен 38-40 градусқа дейін көтерілуі;
2. Тамақтың қызаруы, мұрынның бітелуі, әлсіздік,
3. Бастың қатты ауырып, жылдам күшеюі;
4. Тамақ ішуге байланысты емес құсу,
5. Денеде, санда және аяқта жұлдызша тәрізді бөртпелердің пайда болуы.
Жоғарыда көрсетілген белгілер байқалғанда дереу 103 телефоны арқылы жедел жәрдем шақырту қажет. Медициналық көмекке екінші тәулікте қаралу- өте кеш болып саналады және аурудың асқынулары мен өлім-жітім жағдайларының көбеюі мүмкін.
Менингококк қоздырғышын жұқтырмау үшін келесі алдын алу шараларын сақтау қажет:
1. Адамдар көп жиналатын жерлерге ( діни мерекелер, көңіл көтеретін және сауда орындары, базарлар, спорт секциялары, кинотеатрлар және тағы басқалар ) баруды шектеу, осы жерлерге 5 жасқа дейінгі балаларды апармау;
2. Бөлмелерді күнделікті желдетіп, жуып отыру;
3. Ас алдында, қоғамдық орындардан келгенннен кейін қолды сабындап жуу;
4. Ағзаны суық тиюден ( әсіресе көктем айларында) сақтану, ыстық көтерілгенде, қатты бас ауырғанда, тамақ қызарып, денені әлсіздік басқанда дереу дәрігерге қаралу.

mtnn 2 mening 1 2 mening 1 6 mening 1 7 

 

Байланысшы: Жансая Ашкенова тел.261 333 

Bahis
Antalya escort