homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...
0123456789
Негізгі бетРухани жаңғыру: кітапханада коворкинг- орталығының ашылуы

Рухани жаңғыру: кітапханада коворкинг- орталығының ашылуы

2018 жылы 19 маусым сағат 12.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жастардың жұмыс және демалыс кеңістігі – коворкинг-орталықтың ашылу салтанаты өткізіледі. Кітапханаларды заманауи қарым-қатынас пен бірлескен қызмет орталығына айналдыру идеясы әртүрлі деңгейдегі мамандардан қолдау тапты, өйткені, коворкинг идеясының өзі мәдениет пен демалыс, білім мен коммуникация орталығы кітапхананың миссиясымен сәйкес келеді.

Кітапхана тәжірибесіне заманауи жұмыс форматын енгізетін коворкинг-орталықтарын құру – қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды бағдарламасына атап айтқанда – бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту және қуатты, жауапкершілігі мол адамдардың біртұтас Ұрпағын қалыптастыруға жауап береді.

Кітапханаларды заманауи қарым-қатынас пен бірлескен қызмет орталығына айналдыру идеясы әртүрлі деңгейдегі мамандардан қолдау тапты, өйткені, коворкинг идеясының өзі мәдениет пен демалыс, білім мен коммуникация орталығы кітапхананың миссиясымен сәйкес келеді.

А.С.Пушкин атындағы кітапханада жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, жұмыс орындарының ауқымды саны, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет, Skype арқылы сұхбаттасу, принтерлер мен сканерлер.
Сонымен бірге, кітапхана өз пайдаланушыларына маңызды ақпараттық қолдау беруге әзір, өйткені, коворкинг үшін ақпарат пен білім орталығы кітапханадан артық ыңғайлы орын жоқ. Кітапханада ақпараттық және электронды ресурстардың кемелді қоры бар, сондай-ақ, пайдаланушыларға заманауи сервистік қызмет түрлері ұсынылады.
Кітапхананың коворкинг-орталығына жастарды тренингтер, оқытып-үйрету семинарлары, жетістік пен табыс құпиясы жайында әңгімелейтін танымал тұлғалар, бизнесмендермен кездесулер тартады.
Қала жастарын, стартапшыларды, журналистерді, сондай-ақ, коворкинг идеясына қызығушыларды коворкинг-орталықтың салтанатты ашылуына және әрі қарай бірлескен қызметке шақырамыз.

Байланысшы: Рахимбаева Бахтылы, тел. 608980