homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...

Робототехника


Read More...

Азаматтық құқық бойынша ақысыз кеңестер


Read More...
0123456789
Негізгі бетСәдібек Түгел: "Астана мені баурап алды..."жазушымен онлайн кездесу

Сәдібек Түгел: "Астана мені баурап алды..."жазушымен онлайн кездесу

4 шілдеде сағ. 15.00-де Астана қаласының 20 жылдығына орай, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, жазушы, зерттеуші Сәдібек Түгелмен онлайн кездесу өтті. Іс-шараға тұрақты оқырмандарымыз, Өскемен қаласы Ішкі Істер Басқармасы қызметкерлері және әріптестеріміз қатысты.

Елордамыздың мерейтойына орай өткізілген кездесуге жерлесіміз Сәдібек Түгелді таңдауымыздың себебі қоғам қайраткерінің барлық өмірі Астанамен байланысты.
Өлкетанушы-библиограф Слямова Зиза Мухтархановна қонақтарды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, Астананың көрікті жерлері, тарихына байланысты викторина ойнатып, жеңімпаздар кітапхана мамандары арнайы дайындаған «Астана 20» шағын альбом кітапшаларына ие болды.
Сәдібек Түгел – Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының, Ақмола облысы, Целиноград ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан Республикасы гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «2017 жылдың қорытындысы бойынша үздік қоғам қайраткері» номинациясының иегері, «2017 жылғы Қазақстанның халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің иегері.
Сәдібек Түгел - 20 дан астам кітаптың авторы. Сол кітаптардың көпшілігі Астана туралы. Соның қатарында «Көк Күмбезді-Астана» = «Астана- Город Солнечной мечты», «Астана- Триумф Независимости страны» = «Астана-жерұйығы Елімнің»,«Алғашқы астаналықтар» = «Первопроходцы Астаны» жинақтары, «Астана хикаялары» «Астана қаласы баспасөзінің шежіресі», Астана-журналистикасының шежіресі және т. б.
Сәдібек Түгел - Жаңа Астана жетістіктерін баспасөз беттерінде жариялағаны үшін Елбасы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының, Журналистика саласы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің грант иегері.
Автордың елордамызға арналған кітаптарын екінші қабатта орналасқан «Астанаға 20 жыл» әдебиеттер көрмесінен таба аласыздар.

tugel 1 2 tugel 1 7 tugel 1 8 tugel 1 1 tugel 1 3 tugel 1 11

 

tugel 1 9

 

tugel 1 10

 

tugel 1 12

 

tugel 1 4

 

tugel 1 5

 

tugel 1 6

 

Байланысшы: Ашкенова Ж.  Тел.: 26-39-46