homesemail1sm

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

"Бір ел - бір кітап 2017" акциясы


Read More...

Алаш қозғалысына – 100 жыл


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақша сөйлейміз үйірмесіне шақырамыз


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...

"ЭКСКЛЮЗИВ" фото-видео клубы шақырады


Read More...
0123456789

Ілияс Есенберлин

    «Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы - «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық  айтқандық бола қоймас».
Нұрсұлтан Назарбаев

Өмірбаяны

   
Ілияс Есенберлин (10.01. 1915 жылы туған, қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған) - қазақ жазушысы. 1940 жылы Қазақ таукен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.  1942-47 жылдары Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы. 1947-67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 хылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин - жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. 
    І.Есенберлин алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды.  Алғаш 1945 ж. Сұлтан, Айша дастандары жарық көрді. Есенберлиннің Айқас (1966), Қаһар (1969), Алмас қылыш (1971), Маңғыстау майданы, Аманат (1978) романдары, Алтын Орда трилогиясы (1982, 1983) жарияланды. 1986 ж. Көшпенділер трилогиясы үш «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), т. б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.

Шығармалары

    Ӏлияс Есенберлиннің алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Ол көркем әдебиеттің көп жанрында (поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия) жазды. Әдеби творчествосын поэзиядан бастады. 1945 жылы «Айша», «Сүлтан» поэмаларын жазды. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағын (1949) шығарды. Жалынды революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасын» (1957), «Біржан сал трагедиясы» дастанын (1959) жазды. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965) повестері, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971). «Алтын қүс» (1972). «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары қазақ әдебиетіне (прозаға) косылған елеулі үлес болды. Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын «Айқас» романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ал тарихи тақырыпқа жазылған «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясы қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерді суреттеген шығарма ретінде танылды. Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған «Қүйма» (1961) киносценарийі бойынша жасалған фильм бүкіл кеңес жөне венгр, поляк, болгар экрандарына шықты.
    Ілияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. Мысалы, «Айқас» («Схватка», 1968); «Қатерлі өткел» («Опасная переправа», 1970); «Ғашықтар» («Влюбленные», 1970); «Қаһар» («Хан Кене», 1971); «Алмас қылыш» («Заговоренный меч», 1973). «Жанталас» («Отчаяние», 1974), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» («Прикрой своим щитом», 1974) деген атпен басылып шықты. «Ғашықтар» романы өзбек тілінде басылды. I. Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К. Д. Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М. Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Романдары және тарихи сана

    Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы», т. б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді. Ол - қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды. 
    Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады. 
    Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді. 
    Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар - ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы - партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.
    «Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі - коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.
    Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.