homesemail1sm

Бір ел - бір кітап 2018


Read More...

Egov_kaz


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...
0123456789
Негізгі бетБір ел - бір кітап"Бір ел - бір кітап" 2012 акциясы

"Бір ел - бір кітап" 2012 акциясы

Біздің елімізде «Бір ел-бір кітап» акциясы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.
 
Биылғы жылы бүкіл ел болып, жерлесіміз Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» жинағына енген повестері мен әңгімелерін оқимыз.

Акция тарихы

Виртуалды көрме

Акция Веб-хроникалары

25 қыркүйекте кітапхана алдындағы алаңда дәстүрлі «Ымырттағы оқулар» марафон оқулары бастау алды. Биылғы жылы біз жерлесіміз, Катон-қарағайлық· Оралхан Бөкей шығармаларын оқимыз . Жазушы· шығармаларында туған жердің сұлу табиғатын, ауыл адамдарының шынайы өмірін тамылжыған тілмен кестелеген. Туындыларының әр жолы - туған жерге деген махаббат пен сағынышқа тұнып тұр.

«Ымырттағы оқуларда» жазушы мұрағатынан алынған фотосуреттер, Оралхан Бөкей шығармалары желісі бойынша түсірілген фильмдерден үзінділер, жазушы сүйіп тыңдаған әндер, сондай –ақ, ол туралы қазақ ақындары жазған өлең жолдары ұсынылады.
 Марафон бағдарламасы:
25-26 қыркүйек -  жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысу, «Қайдасың қасқа құлыным» шығармасын оқу.
27 қыркүйек –«Жылымық» повесін оқу.
28 қыркүйек – Оралхан Бөкей туралы деректі фильм көрсетілімі, блиц турнир.
29, 30 қыркүйек – Оралхан Бөкейді еске алу кеші.
Sum4   Sum1 Sum5 Sum6 Sum2
Sum10   Sum7 Sum9 Sum3 Sum8
Сіз Оралханды білесіз бе?-осы сұрақтан басталған«Менің Оралханым» атты кездесу 27 қыркүйек  күні сағат 15.00 –де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілді.
Кездесуге Оралханның жақындары, күні кеше дәмдес болып бірге жүрген дос- замандастары- жазушылар Әлібек Қаңтарбаев, Мүсілім Құмарбеков, жазушының жиені Тоқтарбек Мағзұмов, қаладағы «Асыл әжелер» алқасының мүшелері шақырылды.  Кешегі  бала Ораш, бозбала Ораш, азамат, қоғам қайраткері, жазушы Оралхан Бөкеев туралы білетіндер  сағыныштары мен өзекті өртер өкінішке толы естеліктерін ортаға салды. Әркімнің өз Оралханы бар. Тоқтарбек Нұржақыпұлы Оралханның соңғы сапары, ақтық жолға шығарып салу, қазақи дәстүрдің орындалуы мен  жазушының ерекше беделі мен қоғамдағы орнына тоқталды.   
Жиналғандар  журналист Ә. Қаңтарбаевтың әңгімесін ерекше ықыласпен тыңдады. Кейде күлдіріп, кейде мұңға батырған Әлібек аға Оралхан өмірінің қыры мен сырына тереңірек тоқталса,  жазушы М. Құмарбеков Оралханмен бірге өткізген қызықты күндері туралы әңгімеледі.
«Асыл әжелер» тобының мүшелері, катондық Нұрғайни,  Ләззат әжелер Оралханның жастық шағы туралы естеліктер айтты.
Оралхан шығармашылығына ден қойып зерделеп жүрген алматылық жас журналит Назерке Жұмабаймен Skype  арқылы тілдесу кездесудің мазмұнын аша түсті.  Назерке өзінің Оралхан Бөкей туралы ой-пікірін, журналистік зерттеулерін ортаға салып, шығысқазақстандық оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.
1992 жылы Күршімде өткен Барақ батырдың 290 жылдық мерейтойына келген сапарында жазушының сөйлеген сөзі  оқырмандар назарына тұңғыш рет ұсынылды. Қара сөздің жыршысы Оралханның дауысын естіп, ел мен жер туралы сөзін асқан қызығушылықпен тыңдады. 
Облыстық этнографиялық мұражай қызметкері Г. Кашак қазақ  жазушыларына арналған павильондағы Оралхан Бөкейдің кабинетіне виртуалды саяхат жасай отырып,  жазушы тұтынған заттармен таныстырды.  
Кітапхана қызметкерлері кездесуге келген қонақтарға естелік кітаптар табыс етіп, кітапхана қызметі түрлерімен таныстыра кетті.
Жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі, слайдтар, кездесудің мазмұнын ашып, оқырмандар көңілінен шықты. 
Махаббатын туған жеріне, Өр Алтайына арнаған жазушы туралы естеліктер легі оқырманның көңіл пернесін дөп басып, мәңгілік сағынышқа ұласты. Кездесуге  жиналғандар сағыныш пен тәтті мұңға толы Оралхан сүйіп тыңдайтын Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» қосыла шырқады
Байланысшы З. Слямова
bokei
bokei1
bokei4
 
bokei3
bokei2
27 қыркүйек күні А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері «Жетім балаларға Vyezd1және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында» 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Биыл бір ел болып жерлес жазушымыз, Алтайдың өр тұлғасы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың қасқа құлыным» шығармасын оқитынымыз бәрімізге белгілі. Жүздесу барысында балалар Оралхан Бөкейдің өмірбаянымен, шығармашылығымен толығырақ танысып, жазушының шығармашылығына байланысты алуан түрлі сұрақтарға жауап берді.
Жерлес қаламгеріміздің шығармаларындағы негізгі тақырыптың бірі Адам өмірінің құндылығы. «Ал сіз - Адам, биіктей бересіз, биіктей бересіз», «Адам баласын ой емес, ойсыздық құртады», «Адам адамға – дос, бауыр»  деп жырлаған жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілдікке тарта береді. Оралхан БөкейVyezd2 шығармаларының әр жолы - туған жерге деген махаббат пен сағынышқа тұнып тұр. Оқушылар «Тіршіліктің сұлулығында шек жоқ», «Табиғат та адам секілді. Өзін кім сүйсе соған ғана ықыласы ауып, ырқына көнеді», «Қазақстанның ең сұлу аймағы да - осы өр Алтай!», «Табиғат адамсыз тіршілік құра алады, ал адам табиғаттан тысқары өмір сүре алмайды» деген жолдары арқылы  дәлелдеді.
Әрине, бұл шара игі істің тек қана бастамасы. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды нығайта бермекпіз.
Байланысшы: Ашетаева Арайлым

28 қыркүйек күні кітапхана алдындағы алаңында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша өткен «Ымырттағы оқулар» әттегіден өзгеше өтті. Жүргізушілердің көрнекті жерлесіміз Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын баяндаған әңгімесімен қатар «Оралхан кейіпкерлері біздің арамызда» атты интеллектуалды блиц-турнир сайысы өтті. Ойынға қатысқан «Сұхбат» интеллектуалды жастар клубының мүшелеріне әртүрлі сұрақтар ұсынылды – мысалы, О.Бөкейдің шығармалары бойынша түсірілген фильмдер; орыс тіліне аударылған алғашқы еңбегі; қай жинағы оқырмандар ықыласына бөленіп, танымалдығына әсер етті... Оқырмандар барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді, ойын соңында қатысушыларға  жазушының шығармалары жазылған «электронды сыйлық» дискісі ұсынылды.  

Байланысшы: Қыдырова Назгүл (26-79-99)

flesh2«Оралхан Бөкейді оқимыз!» тақырыбында 29 қыркүйек күні Өскемен тұрғындары мен қалаflesh-mob қонақтарына ақпараттық L-мобқа қатысушылар О.Бөкей шығармашылығына қатысты қазақ-орыс тілінде іс-шаралар жазылған үнпарақтарды таратып Бөкейді оқуға шақырды. Көрнекті жерлес жазушымыздың есімі, прозаны сүйіп оқитын оқырмандарға кеңінен танымал... Бірақ, өкінішке орай қала тұрғындарының көбі оның кім екенін, қай өңірдің жазушысы екенін білсе де нақты қандай еңбектері барын басып айта алмады. Өкінішті, дегенмен барлықтары – жастар, орта жастағы адамдар кітапханаға жазылу тілектерін айтып, жалпы акцияға, кітапхананың өтікізетін шараларына деген қызығушылықтары мен тілектерін ұсынды. «Ымырттағы оқулар» шарасының аяқталғанына өкініш білдірді... Бұл жағдайды біз оқырмандарымызға кітапханамызда О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын баяндайтын мол мағлұмат бар екендігін және кітап көрмесінің ұзақ уақыт назарларына ұсынылатын айтып түсіндірдік. Келіңіздер, есігіміз әрқашан ашық!

Байланысшы: Қыдырова Н.
Тел.:26-79-99.