homesemail1sm

Қазақ тілі_клуб


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бет

Қош келдің, мерейлі Наурыз!

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында ертеде орын алған. Наурыз - жыл басы, достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді.

 Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған.
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Наурыз мерекесі табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Күн мен түннің теңелген күні. Бұл күнi табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілейді.
Дастарқанның басты асы наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар.
Құрметті оқырмандар! Кітапхананың 1-ші қабатында  Наурыз мейрамына байланысты ұйымдастырылған «Қош келдің, мерейлі Наурыз!» атты кітап көрмесінен наурыз мерекесі туралы барлық керекті ақпаратты таба аласыздар.
Кітап көрмесі қазақтың салт–дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, дархан дастарханы,  ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері, қазақ жылқысының тарихы, қазақтың дәстүрлі қару-жарағы, аңшылығы, музыкалық аспаптары, зергерлік өнері, ұлттық ойындары жайлы сыр шертеді.
Көрмеге қызықты кітаптар, түрлі-түсті суреттер, мерзімді басылымдар және қолөнер бұйымдары қойылған. Кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын!

                                                                                                          Байланыс: Ансабаева Роза

naur9 naur10 naur4 naur5 naur6 naur7