homesemail1sm

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

"Бір ел - бір кітап 2017" акциясы


Read More...

Алаш қозғалысына – 100 жыл


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақша сөйлейміз үйірмесіне шақырамыз


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетМәртебелі қонақтар кітабы

Мәртебелі қонақтар кітабы

Біздің кітапханаға Қазақстан мен басқа елдерден белгілі адамдар көп  келеді. 
Олар Мәртебелі қонақтар Кітабына естелік жазуларын қалдырады, міне солардың бірқатары:
 
 Мен, Манкей Турдыханұлы кітапханаға алғаш рет келіп, көп мәлімет алып, риза болдым! Баян-Өлгей елінен келген шығармашылық топты жарқын жүзбен қарсы алған сіздерге шынайы ризашылық білдіреміз!

 Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов шығармалары халқымыздың рухани байлығы. Пушкин атындағы кітапхана Әз-аға кітаптарын жас оқырманның жүрегіне жеткізеді деген сенімдемін!

 

Шаймардан Қалиасқаров

 Мені Сіздердің кітапханаларыңыз ашықтығымен, білімділігімен таңдандырады.
Сіздерде шынайы таланттар, нағыз кәсіби мамандар жұмыс істейді.
Сіздерге сәттіліктер мен жетістіктер тілеймін! Халыққа білім нұрын таратуда қажырлы болыңыздар!

Құрметпен, сіздердің Роллан Сейсенбаевтарыңыз
 Мен сіздердің кітапханаларыңыз туралы көп естідім. Маған сіздердің энтузиазмге толы істеріңіз, қызметкерлер мен әкімшіліктің ашықтығы ерекше әсер қалдырды. Сіздерге барша жақсылықты тілеймін. Өз істеріңізді одан әрі жалғастыра беріңіздер!
Рима Купрайт,
бағдарламалар менеджері
Ашық қоғам Институты, Будапешт
 А.С.Пушкин атындағы кітапхананың дарынды кітапханашыларына.  

Сіздер өз халықтарыңыз бен тұрғындарыңызға қызмет көрсете отырып, қияли да ауқымды жұмыс атқарасыздар. Сіздермен Американдық бұрышта бүгін және келешекте  жұмыс істеу мүмкіндігі – үлкен мәртебе.

 
Мэри Нелл Брайан,
АҚШ Мемлекеттік Департаментінің бағдарламалар маманы
 Қазақтар: «Ағасы бардың – жағасы бар» деген. Яғни, бұл қорғаушың, қамқоршың, тірегің, сені ойлайтын адамың бар деген сөз. Біз туған жерден қанша қашықта болсақ та, Қазақстан бізге әрдайым пана, әрі тірек болады. Алла бізге күш беретін, осы тарихи отанымызды сақтасын. Біз, Монғолияның Баян-Өлгей округінің мұғалімдер тобы, А.С. Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлеріне қонақжайлылығы, игілігі, өзіміз қатысқан семинар барысында берген жаңа білімдері үшін алғысымызды білдіреміз. Ата-бабамыздың Отаны өркендеп, гүлдей берсін! Ал біз, сағынышпен, жыл құсы тәрізді сіздерге қонаққа келіп тұрамыз.
Монғолияның мұғалімдер тобы 
Құрметті достар, Өскемен қаласында Қазақстандағы Америка бұрышының қызметкерлерімен ұйымдастырылған конференция аясында өткізілген екі күнім өте жемісті болды. Сіздердің кітапханаларыңыз -   елдеріңіздің болашағына жасалған үлкен қадам. Сіздердің аймақтарыңыздағы бағдарламалар бойынша өздеріңізбен серіктестікте болу – үлкен мәртебе. 
Мен өз әріптестеріммен бірге осы шараны ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Мен мұнда тағы да келіп, балық ауласам деймін. Тек жақсылықта кездесейік.
 
                                                                
Виктория Слоан,
қоғамдық байланыс бөлімінің кеңесшісі
     АҚШ-ң Қазақстандағы Елшілігі
30.05.2007ж.

 Кітапхана қабырғасында аса жарқын жүзбен қарсы алатындықтарыңызға алғысымды білдіремін. Біздің ары қарайғы қарым-қатынасымыз Француз оқу залын дамыту аясында да жалғасады деген үміттеміз!
Кітапхана жұмысына сәттілік тілеймін! 
 
Гвен Ле Готт,
 Француз Елшілігінің мәдениеті бойынша атташе 
28.03.2006 ж.

 Мен А.С. Пушкин атындағы кітапхананың директоры мен қызметкерлеріне сіздердің қалаларыңыз бен кітапханаларыңызды көруге мүмкіндік жасағандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді.

 

Келешекте тек қана сәттілік тілеймін.
Британ елшілігінің өкілі
18.03.2006ж
 Поляк кітаптарының көрмесін ұйымдастырып, Халықаралық Абай клубымен кездесуге мүмкіндік жасағандарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Үлкен табыс тілеймін, келесі жүздескенше!

Польша Республикасының 
Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі
Владыслав Соколовски әйелімен
20.10.2005 ж.
 Мені кітапхананың бай қоры таңғалдырды. Барлық үш: Неміс, Француз, Америка залдары оқырмандарыңыз үшін әлем тілдерін терең меңгеруге жол ашады. Кітапхана қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Олар менің арманымды жүзеге асыруға көмектесті.
Анн Шабо,
Франция Елшілігінің машықтанушысы
13.06.2004 ж.
 Сіздің жұмысыңызға тамсандым!

Сіздің ұжымыңызға амандық, денсаулық, көп қайырымды оқырман тілеймін!

Дариға Назарбаева
21.06.2003 ж.
 Директор Ақжігітоваға.

А.С. Пушкин атындағы кітапханаға келуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін Сізге көп рахмет. Сіз және Сіздің қызметкерлеріңіз Өскемен мен Шығыс Қазақстанның халқына көмектесуде. Біз Сіздердің қонақжайлылық пен достықтарыңызға өте қуаныштымыз және алғысымызды айтамыз.

АҚШ-ң Қазақстандағы елшісі 
13.06.2002 ж.
 Ағылшын тілінің мұғалімдеріне арналған керемет конференция ұйымдастырғандарыңыз үшін рахмет. Келешекте сіздердің аймақтарыңызда Америка бұрышы ресурсын әрі қарай дамытып, ағылшын тілін насихаттауға бірлесе ат салысамыз деген үміттемін.

Патрисия Экстеп,
ағылшын тілін дамыту бойынша маманы 
АҚШ елшілігі 
28.03.2001 ж.

 Кітапханаларыңызбен таныспай тұрып, мен сырттай сіздердің ізденімпаздықтарыңызға таңданатынмын. Өскемен қаласындағы А.С.Пушкин атындағы кітапхана – Орта Азия мен Қазақстанның өзге кітапханалары үшін шабыт көзі болып табылады. Қазақстанның ағылшын тілі мұғалімдерінің (NATEK), Ұлттық ассоциациясына өткізілген жыл сайынғы конференцияларыңыз бен NATEK-пен қызметтес болып, қолдау көрсеткендеріңізге  көп рахмет. Ізгі тілекпен,

АҚШ Елшілігінің ағылшын тілін дамыту бойынша маманы
Рут Петзольд,
26.03.2001 ж

 А.С.Пушкин атындағы кітапхананың еңбекқор адамдары Қазақстанның болашағына өз үлестерін қосуда. Мен сіздердің жігерлеріңізді, жігерлеріңіздің нәтижесін мақтаныш етемін. А.С.Пушкин атындағы кітапхана -  Қазақстанның өзге кітапханалары мен ұйымдары үшін шабыт көзі және адал, мейірімді жандар өзі үшін де, елі үшін де жақсылық жасай алатындығының толық дәлелі. Сіздердің құндылықтарыңыз – елдеріңіздің дамуына қосқан үлестеріңіз, мен осының барлығын өз көзіммен көргеніме өте бақыттымын.  Еңбектеріңіз жемісті, әрі нәтижелі бола берсін!

 

Стивен  Вебстер
 Халықаралық білім (ACTR\ACCELS)
бойынша Америка кеңесі уәкілдігінің директоры
11.10.2000 ж.
Өскемен қаласының А.С.Пушкин атындағы кітапханасының әкімшілігі мен қызметкерлеріне: сіздер ойды дамытатын әдебиеттерге байсыздар. Бұл үлкен артықшылық. Адамдарға кітап арқылы білім бере отырып, ғанибетке бөлене беріңіздер.

Уильям Д. Бонтругер
20.02.2000 г.

 Кітапхана - қоғам дамуының қайнар көзі болып табылады. Кітапхана қызметкерлеріне сәттілік пен бақыт тілеймін.

 

Х. Мицухаси
Жапония елшісі
07.04.1999 г.
Кітап музасына қызмет етушілерге алғысымызды білдіреміз!

Сіздердің кітапханаларыңыз – білім мен мәдениет жарығы!

Калихан Искаков,
Дидахмет Ашимханов,
Серик Асылбеков,
Нурлан Маукенов

15.10.1998 г.
 «Пушкинканың» қымбатты қызметкерлеріне аса құрметпен, алғыспен Серікбаевтар әулетінен.

Сіздердің адал, игі істеріңізге, мүдделі еңбектеріңізге таңданбау мүмкін емес. Сіздер адамдарға – жарық, білім, мәдениет яғни, қуаныш сыйлайсыздар. Бұл – ұлы міндет. Ол құрметті, әрі ауыр, бірақ мәртебелі іс. Бұл барлық жағынан сезіледі. 
Сіздерге бақыт, қуаныш, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

халықаралық білім беру (ACTR\ACCELS)  бойынша
Американдық кеңес өкілдерінің директоры
Стивен ВЕБСТЕР
24.09.1998 ж.