phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Қайта құру заманындағы кітапхана пионерлері

90-жылдардың басы. Қиын да аласапыран – түбегейлі алмасу кезеңі. А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында да біршама өзгерістер болды, соның ең бастысы – жаңа директор. 1992 жылы кітапхана директоры болып – Ақжігітова Қабиба Мырзақанқызы тағайындалды.
Оның ерен еңбегінің нәтижесінде кітапхана – адам әрекетінің барлық саласын қамтитын жаңа ақпараттық технологиялар мен білім беру қызметінің заманауи орталығына айналды. 1992 жылдары, яғни директорымыз келген тұста, ШҚ облыстық кітапханасы қандай еді?

Біз сол кезеңнің облыстық газет беттерінен кітапхана жайлы ақпарат таптық. «... Кітапхана жыл сайын 600-ге жуық кітап пен журнал тапсырыстарын орындайды... Кітапханада 12 бөлім жұмыс істейді...  автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесін енгізу қолға алынған... ұжым иеліктің жаңа талаптарына көшті. Кітапхана ақылы қызмет көрсете бастады... Біз Сіздерге ескі кітап, журнал, грампластинкаларды сатуға көмектесеміз... үй-жайларды жалға береміз. Кітапхана әдебиеттердің дублетті және аз қолданыстағы нұсқасын сатуға мүмкіндік алды. Біз ұйымдармен қызметтестікке үлкен үміт артамыз... іскери ұсынысымыз – бізге демеу жасаңыздар!»

1996 жылы кітапхана өзінің 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Осы орайда көптеген құттықтау, сыйлықтар табыс етілді. Дегенмен, басты сыйлықты – Қ.М.Ақжігітова жасады.

IDEAS1996 жылы Өскемен қаласында, Кітапханалық қауымдастықтар мен бірлестіктердің халықаралық Федерациясын (IFLA – International Federation of Lirary Associations) құрайтын, Шығыс Қазақстан облыстық кітапханашылар қауымдастығын құру туралы құрылтай конференция өтті. Бұл жайт, шынымен де күнделікті жұмыс түрін түбегейлі өзгертті.

Қ.М.Ақжігітова өзінің бір сұхбатында алдағы міндеттерді атап өткен болатын: «... өңірлік автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық желі құру, кітапхана мүддесін қорғау, кооперациялар есебінен оның мүмкіндіктерін кеңейту, халықаралық байланысты жетілдіру, маман даярлау деңгейін көтеру ...».
Басталды... Жаңартпалар бірінен соң бірі енгізілді. Қауымдастық аясындағы жыл сайынғы сапарлар ... ИФЛА-ң Халықаралық конгрестеріне қатысу, шетелдік тәжірибе - жаңа ойлар салды. Қауымдастық мүшелері -  Қырым халықаралық конференциясына, ИФЛА кітапханашыларының Түркия, Нидерланды, Германия, Норвегия, Корея, Канада, Швециядағы әлемдік конгрестеріне қатысты. Біздің кітапханашылар АҚШ-тық  әріптестермен тәжірибе алмасу бағдарламаларына да қатысты.

1997-1999 жылдар - кітапхана тарихына Интернет жүйесінің енуімен белгілі. Мұнда Республикадағы ең алғаш кітапхана ісіне байланысты жаңа технологиялар меңгеріліп, қолданысқа енді. Бұл жерде - Сорос қорының гранты нәтижесінде, Қазақстандағы алғаш пайдаланылып, оқытылатын кітапханалық Интернет-зал ашылды.

1999 жылы кітапхана интернет-класс ашуға грант ұтып алып, В.Степановты кітапханашыларға Интернетте тиімді іздеу бойынша тренинг өткізуге шақырды.

Қауымдастық жобаларының бірі - 1999 жылы тамыз айында қалыптасқан – Жазғы Кітапханалық Интернет мектеп деп аталады. Мектептің басты оқытушысы - Мәскеу мәдениет және өнер  университетінің профессоры В.К.Степанов болды.
 
Бүгінгі күнге дейін кітапханашылардың Интернет-мектебі Қауымдастықтың жыл сайынғы іс-шарасына айналды. Мақсаты – Интернетте ақпаратты кәсіби іздеу дағдысын жетілдіріп, оның технологияларын тұрғындарға ақпараттық қызмет көрсету үшін енгізіп, пайдалану.
Кітапханада ақпараттық технология саласының соңғы жетістіктерімен бірге оқырмандармен дәстүрлі жұмыс түрлері де жүргізілді. Мәселен: кездесулер, жаңа кітап тұсаукесерлері, әдеби кештер т.б. Осылайша, фантасттардың басын қосқан «Әлем қиылысы» клубы 18 жыл жұмыс істеп келген. 1996 жылы кітапханада егде адамдар үшін «Достар ортасында» клубы құрылды. Бүгінгі күні бұл Әдеби-музыкалық салонда жаңа кітаптар орын тауып, жазушы, ақындармен кездесулер өтікізіліп, қойылымдар қойылады.

Материал А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы, ШҚО Мемлекеттік мұрағаты,
ШҚ тарихи-өлкетану мұражайы қорларының негізінде әзірленді.

 


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp