homesemail1sm

Қазақ тілі_клуб


Read More...

Рухани жаңғыру_каз


Read More...

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақ тілі үйірмесі_балалар


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетPROОҚУЛАРЖаңадан түскен кітаптар

Қаңтар 2018

20180101kz

Сыдықов Е.
Әнет баба: ғұмыры мен заманы

 

Хандық дәуірде қазақтың әрі биі, әрі ғұламасы, Орта жүздің ел ағасы атақты Әнет баба туралы кітап. Деректер мен мағлұматтар көне заманнан бастау алып, Ұлы Дала тарихында із қалдырған шиеленісті дәуірдің қиын да қызықты саяси мәселелерін жауапкершілікпен  көтерген ірі тұлға екеніне көз жеткізеді.

 

20180102kz

Тілешов Е.
Қазақ сөзі. 1500 сөз

 

Оқу құралында сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем үлгілерін тақырыбына сәйкес мағынасы мен қолданылу аясына қарай дұрыс пайдаланудың тиімді тәсілдері ұсынылған.                                                                                                                                                                                                                                                   

20180103kz

Әдістеме әлемі 
ғылыми-әдістемелік жинақ.

 

Әдіскер ғалымдардың, тіл үйрету орталықтарының әдіскерлерінің, жоғары оқу орындарының оқытушыларының ғылыми-әдістемелік мақалалары және оқу бағдарламалары енген.

 

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

Желтоқсан 2017

20171201kzБақыт Тасполатов
Басында Қазығұрттың кеме қалған

 

Қазығұрт баурайындағы ежелгі жер-су атаулары, сан ғасыр кие тұтқан әулиелер, тарихи тұлғалар жайлы нақты мәліметтер мен деректер баяндалған.

20171202kz

Бақытжан Ахметбек
Сыр ескерткіштері

 

Сыр өңірінің қасиетті киелі орындары, топ бастаған от ауызды, орақ тілді би-шешен, қол бастаған батырлар, ақын-жыраулар, әулие-әнбиелер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми-зерттеу мақалалар топтастырылған.                                                                     

20171203kz

Бердібек Бияров
Алтай. Алтын бесік : кітап-альбом

 

Кітапқа кең байтақ қазақ өлкесінің Өр Алтайдың қасиетті өңірлерінің аңыз бен жырға, тылсым сырларға толы киелі орындар жайлы танымдық мақалалар енген.          

20171204kz

Зейнолла әлемі  : мақалалар, естеліктер, көптомдыққа енбей қалған жазбалар, сұхбаттар, афоризмдер.

 

Кітапқа қазақтың белгілі қаламгері, жазушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы Зейнолла Сәніктің шығармашылығы, зерттеу мақалалары, ол түрлі замандастары мен әріптестерінің естеліктері, сұхбаттар мен афоризмдері, публицистикалық жазбалары енген.

20171205kz

Е. Тілешов 
Сөз сыны  : тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер

 

Әлем халықтарының мақал-мәтелдері, әр дәуірде өмір сүрген ойшылдардың, қаламгерлердің, ғалымдардың қанатты сөздері енген. Адам мен қоғамдағы тілдің орны, тіл табиғаты, түсіну мен мәні туралы айтылған.                                                                                                           

 

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

 

Қараша 2017

20171101kzҚазақ афоризмдері  Шаймерденұлы Е.

 

Тарихи-философиялық зердеміздің көкжиегі мен  ұлттық рухани болмысымыздың мүмкіндігі тереңде жатыр. Сөз өнерінің өзгеше өрнегі, терең мазмұндығы кең көрініс тапқан. Жетпіс сегіз ой иесінің афористік толғамдары тақырыпқа бөлініп, топтастырылып берілген.  

20171102kz

Шерубай Құрманбайұлы Көркем аудармадағы жаңа атаулар: жасалуы мен қолданысы

 

Жаңа атаулардың әдеби тілге енуіне, сөз жасау, балама табу, сөз қолдану тәжірибесі талданған. Сонымен қатар аударма кезіндегі лексикалық варианттардың нұсқалары берілген.                                                                                                                                      

20171103kz

Шайдаров М.
Латынша медициналық терминдердің түсіндірме сөздігі

 

Латын, орыс және қазақ тілдеріндегі анықтамалық сөздікте латын тілінің алфавиті, фонетикасы, дыбыстардың айтылуы, кейбір дифтонгілердің оқылуы, латын тілінің грамматикалық құрылымы берілген. Сөздікке латын тіліндегі он мыңға жуық сөз бен сөз тіркестері енген.               

20171104kz

Жүнісбек Әлімхан
Төл әліпби - төл жазу мәселелері

 

Латын әліпбиіне көшу жолында жүргізілген ғылыми-практикалық, оқу-әдістемелік ұсыныс мақалалар мен баяндамалар енгізілген. Қазақ тілі дыбыстары ортақ түркі әліпбиі негізінде дыбыс жазбаға түсіріліп, өрнек мәтінмен көрнекіленген.

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

 

Қазан 2017

20171001kzТұрғынбекұлы С.
Кейкі батыр

 

Ел Тәуелсіздігі үшін күрескен, мергендігі мен ерлігі аңызға айналған хас батыр Кейкі Көкембайұлының өмір тарихы мен тағдыры баяндалған.                                                                 

20171002kz

Қазақтың қайсар қайраткері - Жұмабек Тәшенев

 

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері туралы естеліктер, мақалалар, құжаттар, дастандар мен өлеңдер топтастырылған. Кітап екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде.                                                                                                              

20171003kz

Халиди Құрбанғали.
Тауарих-и хамса-и шарқи. Шығыстың бес тарихы

 

Монографиялық еңбекте қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық идеяның жазылуы мен әдебиеттану ғылымындағы зерттелу жайы қарастырылады.                       

20171004kz

Сегеда Т. А.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі

 

Қазақстандағы AES компаниялар тобы арасында Шығыс Қазақстан облысының тұрақты дамуы үшін еңбек қауіпсіздігі және экономикалық тиімділікке оқыту бойынша  дайындалған.

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

 

Қыркүйке 2017

20170902kzҚаз дауысты Қазыбек би
Том 1

Кітапқа "Жеті жарғы" құқықтық заң жобасын жасаушылардың бірі - атақты Би, мемлекет қайраткері, дипломат - Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірі, қызметі туралы жазба деректер, мағлұматтар, хаттарға негізделген ғылыми-зерттеу мақалалар енген.

20170903kz
Қаз дауысты Қазыбек би
Том 2

 

Кітапқа "Жеті жарғы" құқықтық заң жобасын жасаушылардың бірі - атақты Би, мемлекет қайраткері, дипломат - Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірі, қызметі туралы жазба деректер, мағлұматтар, хаттарға негізделген ғылыми-зерттеу мақалалар енген.

20170901kzЗейнұр  Қоспақов
Ғасырлардан жеткен үн

 

Белгілі фольклортанушы Д. Қоспақовтың жинағына Дала жұлдыздарының  (Ақан сері, Біржан сал, С. Жүнісұлы, М. Шитенұлы т.б.) әндері нота жазбаларымен қоса келтірілген, ән мәтіндеріне текстологиялық жұмыстар жүргізілген.

20170904kzБалаларға тарту 


Жинаққа ғалымдар Т. Шонанұлы мен М. Жолдыбайұлының құрастыруымен жарық көрген қазақ балаларына арналған туындылары ұсынылған.                                

20170905kzСерік Еркімбеков
Отаным

 

Композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркімбеков құрастырған жинаққа белгілі қазақ композиторларының жазған романстары мен әндері енген.


                             

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

 

Шілде - Тамыз 2017

20170801kzМұхамедхан Сейтқұлов,
Қайым Мұхамедханов

Әке мен бала

Тәуелсіздігіміздің ғылыми-мәдени құндылықтары мен рухани негізін қалаушылар Отан патриоттары – әке мен баланың сергелдең тағдырлары туралы.

20170802kz
Мырзатай Жолдасбеков

Күндерімнің куәсі

 

Күнделік жазба ел тарихы, ел тағдыры, тәуелсіздік тағылымы, жер, тіл және тағы басқадай проблемалар туралы.                            

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі