homesemail1sm

Сурет салу сабақтары


Read More...

MAKERSPACE OSKEMEN шығармашыдық кеңістігі


Read More...

"Бір ел - бір кітап 2017" акциясы


Read More...

Алаш қозғалысына – 100 жыл


Read More...

Салауатты өмір салтына арналған әдебиеттер залы


Read More...

Қазақша сөйлейміз үйірмесіне шақырамыз


Read More...

PRO чтение кітап құмарлар клубы


Read More...

«Түрлі түсті палитра» сурет салу үйірмесі


Read More...

ЛЕГО-құрастыру


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетСІЛТЕМЕЛЕРЛатын әліпбиіне көшуКітапханаНашар көретін адамдарға арналған қолайлы орта

Нашар көретін адамдарға арналған қолайлы орта

Кез-келген заманауи браузерде масштабтау көмегімен әріп мөлшерін ұлғайтуға болады:

1) "Ctrl" клавишін басып, тінтуір дөңгелегін жоғары бұраймыз;

2) "Ctrl" клавишін басып тұрып, "+" клавишін басамыз.

Экрандағы нысандарды ұлғайту (экран лупасы)

Экран лупасы экранның түрлі бөліктерін ұлғайтады. Оны жылдам ашу үшін ·"Пуск" түймесін басып, "Экранная лупа" түйін сөзін тереміз.

Жаңалықтар мен оқиғалар

Sara1

Наурыз айында кітапхананың арнайы қызмет көрсету залына SARA CE (камералы нұсқасы) оқу машинасы сатып алынды. Бұл құрылғы кітап және баспа материалдарын сканерлеуге арналған, сонымен қатар орыс, ағылшын және т.б. тілдедерде дыбыстау қызметі де қатар жүреді. Оқу машинасымен жұмыс істеу өте қарапайым, біраз жаттығудан кейін кітапханашылар мен Зал пайдаланушылары (11 адам) оны жылдам меңгеріп алды. Жаңа құрылғыны зағип адамдар мен көзі нашар көретіндер пайдалануда, өйткені SARA CE мәтінді дауыстап оқып қана қоймай, әріптің мөлшерін көзі нашар көретін адамға ыңғайлы мөлшерге дейін үлкейтеді.

Consult

Арнайы қызмет көрсету залының алғашқы пайдаланушыларының бірі зағип Андрей Кузнецов. Психолог мамандығын игерген Андрей кітапханаға күнделікті келіп, психологияға байланысты аудиокітаптарды пайдаланатын. 2015 жылдың  ақпан айында ол 

24 желтоқсан күні Қазақ зағиптар қоғамының Шығыс Қазақстандық бөлімінің мүшелері кітапханаға саяхат жасады.арнайы қызмет көрсету залы негізінде психологиялық қолдау қызметін ұйымдастырды. Кеңес алуға Андрейге көзі нашар көретін (зағип), ДЦП, аутизм, Дауна синдромымен ауыратын жастар келе бастады. Андрейдің айтуынша, ол мүмкіндігі шектеулі жандарға өзін, өзінің мүмкіндіктері мен қабілетін түсінуге, өз бағасын көтеруге көмектесуге тырысады. Қабылдау уақыты  жұмыс күндері сағат 10.00-16.00 аралығында. Анықтама тел.: 26-13-33.

13 желтоқсанда Қызмет көрсету колледжінің нашар еститін және мылқау-керең студенттері арасында «Кедергісіз кітапхана» жобасының тұсаукесері өтті. Болашақ операторлар тобы жетекшілері және сурдологтарымен бірге келді.

Тұсаукесер басында студенттер кітапханаға саяхат жасады. Кітапхана ресурстары, қызметтерімен танысты. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қызметтер жайлы айтылды, олар: пандус, шақыру түймесі, көтерілу жеделсатысы, арнайы тазалық кабинасы, нашар еститіндерге арналған ҒМ-жүйесі. Жақында кітапхана бейнеүлкейткіш пен дауыстап оқитын машина алынбақ.

Presentation_13.12_1
Presentation_13.12_2
Presentation_13.12_3
Presentation_13.12_4

Арнайы қызмет көрсету залында ерекше мұқтаж жандар ақысыз ағылшын тілін үйрену мүмкіндігіне ие болды. Олар үшін арнайы бағдарламамен қамсыздандырылған компьютерлік сынып жұмыс істеуде. Букридер, аудиокітаптар алынып, ақпараттық қызметтер көрсетіледі, соның ішінде онлайн. Мұнда психолог пен заңгер кеңесін алуға болады. «Шеберлер мектебінде» шығармашылық сабақтар өтеді.

Оқу, басқалармен араласу, жаңа достар табу, өз ойыңды білдіру – бәрі осында! Бізге келіңіз!

11 желтоқсан күні қазақ соқырлар қоғамының Шығыс Қазақстандағы бөлімінің кеңсесінде сауалнама жүргізілді. Мақсаты – көру қабілеті нашар адамдардың қажеттіліктерін анықтау. Сауалнамаға енгізілген сұрақтар: Кітапханадағы қандай курстар/тренингтерге қатысқыңыз келеді? Кітапханадағы қандай үйірме/клубтар Сізге ұнайды? Қала ішіндегі қозғалыста Сізге қиындықтар туындай ма? және т.б. Нәтижесінде:- Көру қабілеті нашар адамдарға арналған курстар мен тренингтер тақырыбы анықталды;- Осы санаттағы пайдаланушыларымызға көрсетілетін қызмет  түрлерін кеңейтуге ой салды;- Кітапханаға келуден олардың не күтетіні анықталды.Сауалнамаға жауап берушілердің барлық тілектерін ескеруге тырысамыз және олардың кітапханадағы уақыты барынша пайдалы, жайлы әрі қызықты өтуіне ат салысамыз.

Anketirovanie_11.12.2014_1 Anketirovanie_11.12.2014_2 Anketirovanie_11.12.2014_3 Anketirovanie_11.12.2014_4
Who-What-When-Where-How-and-Why-pic

26 қарашада«Кедергісіз кітапхана» жобасын іске асыру мақсатында кітапхана мамандарынан құрылған арнайы топ бас қосты. Топ құрамында кітапханашылар, библиографтар, қоғаммен байланыс бөлімінің, Халықаралық ресурстар орталығының, Ақпараттық-коммуникативтік бөлімнің, бір сөзбен айтқанда кітапхананың барлық бөлімдерінің мамандары бар. Мамандар қоғамдағы көздері нашар көретін жандармен жүргізілетін жұмыстарды талқылап, олардың орындалу мерзімін, сондай-ақ 5 w + h: what, who, when, where, why and how? (не, кім, қашан, қайда, неге және қалай?) кестесі бойынша іске асыру жоспарын жасады. Халықаралық ресурстар орталығының қызметкері Петр Дурново шетелдік кітапханалардағы әріптестеріміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетудегі іс-тәжірибелері туралы айтып өтті. Нашар көретін немесе көз жанарларынан мүлдем айырылған жандарға арналған арнайы құрылғылар туралы бейне топтамалармен таныстырды. Біз заманауи бейне үлкейткіштер мен оқитын машиналар туралы ақпараттармен, сондай-ақ, бірқатар нашар көретін адамдарға арналған бейімделген бағдарламалармен таныстық. Алдымызға мақсат қойдық, кітапханамыздың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, барлық жағдайды жасап, қызмет көрсетуге тырысамыз.

 
 

​