"Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 мамырдағы N 8 655

 



      "Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3529 Жарлығын орындау үшiн және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      мыналардың:
      1) Алматы облысы бойынша:
      таратылған Капал ауданының Арасан, Егiнсу, Қапал, Қызылағаш, Көшкентал, Молалы, Суықсай селолық округтерiнiң аумақтары қосылып Ақсу ауданының
      Таратылған Үйгентас ауданының аумағы қосылып Алакөл ауданының
      таратылған Күртi ауданының Ақжар, Желтораңғы, Құйған, Сарыкөмей

 
 
және Топар селолық округтерiнiң аумақтары қосылып Балқаш ауданының
     таратылған Шелек ауданының аумағы қосылып Еңбекшi қазақ
ауданының
     таратылған Күртi ауданының Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм, темiржол
селолық және Үлкен поселкелiк округтерiнiң аумақтары қосылып Жамбыл
ауданының
     таратылған Күртi ауданының Күртi селолық округiнiң аумағы
қосылып Iле ауданының
     таратылған Гвардия ауданының аумағы қосылып Кербұлақ ауданының
     таратылған Қапал ауданының Қоңыр және Целинный селолық
округтерiнiң аумақтары қосылып Талдықорған ауданының
     2) Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
     таратылған Шұбартау ауданының аумағы қосылып Аягөз ауданының
     таратылған Шар ауданының аумағы қосылып Жарма ауданының
     Тарбағатай ауданы Шiлiктi селолық округiнiң аумағы қосылып
Зайсан ауданының
     өзiне бағынысты аумақтарымен бiрге Серебрянка қаласының аумағы
қосылып Зырян ауданының
     таратылған Большенарым ауданының аумағы қосылып Катонқарағай
ауданының
     таратылған Самар ауданының аумағы қосылып Көкпектi ауданының
     таратылған Марқакөл ауданының аумағы қосылып Күршiм ауданының
     таратылған Ақсуат ауданының аумағы қосылып Тарбағатай ауданының
     таратылған Таврия ауданының аумағы қосылып Ұлан ауданының
     таратылған Мақаншы ауданының аумағы қосылып Үржар ауданының
     3) Қарағанды облысы бойынша:
     таратылған Тоқырауын ауданының аумағы қосылып Ақтоғай ауданының
     таратылған Тельман ауданының аумағы қосылып Бұқар жырау
ауданының
     таратылған Қазыбек би ауданының аумағы қосылып Қарқаралы
ауданының
     таратылған Теңiз ауданының аумағы қосылып Нұра ауданының
     таратылған Молодежный ауданының аумағы қосылып Осакаров
ауданының
     таратылған Жездi ауданының аумағы қосылып Ұлытау ауданының
     таратылған Ағадыр ауданының аумағы қосылып Шет ауданының
     4) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша:
     таратылған Возвышен ауданының аумағы қосылып Булаев ауданының
     таратылған Преснов ауданының аумағы қосылып Жамбыл ауданының
шекаралары өзгертiлсiн.
 
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi