homesemail1sm

Областной конкурс «В мире сказок и волшебства»


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...
01
You are here: HomeАрхив новостей«Балалар – әдебиет әлемінде»: онлайн тәжірибе алмасу конференциясы

«Балалар – әдебиет әлемінде»: онлайн тәжірибе алмасу конференциясы

Балалар арасында кітап оқуды жылжыту мәселелеріне соңғы уақытта айтарлықтай көңіл бөлініп, 2021 жыл Қазақстанда «Балалар әдебиеті жылы» деп жарияланды.

Бүгінгі әлем басқаша. Компьютер, ұялы телефон, гаджеттер мен теледидар балалардың уақытын және оқуға деген ықыласын жойды. Ата-аналар балаларды кітап оқуға мәжбүрлеу қиын деп шағымданады. Жиі кеңес алу үшін кітапханашыларға жүгінеді. Баланың оқуға деген қызығушылығын қалай ояту керек? Міне осы мәселе төңірегінде 10 желтоқсан күні ZООМ платформасында «Балалар – әдебиет әлемінде» атты А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы мен Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары арасында аймақтық онлайн тәжірибе алмасу конференциясы өтті.

Аталған конференцияда ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ажар Хамитқызы Юсупова құттықтау сөз сөйледі. Конференция барысында кітапхана директорлары: Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапхана басшысы Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана басшысы Шағиева Бибігүл Жамбылқызы 2021 жыл «Балалар әдебиеті жылы» аясында аймақтарда атқарылған жұмыстар туралы қысқаша хабарлама жасаса, ҚР Ұлттық кітапхана басшысының орынбасары балалар әдебиеті жайлы ақпарат берді.
«Ой теңіз-сөз маржан» тақырыбында бүгінгі балалар әдебиетінің әлеуеті жөнінде пікір алмасу барсында екі облыстың балалар жазушылары және балалар әдебиеті саласын зерттеп жүрген мамандар:
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдардың кандидаты Жанбершиева Ұлжан Нахатқызы;
- М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; балалар жазушысы және Жазушылар одағы басқармасы жанындағы балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы;
- ҚР Білім министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, Ресейдің Халықаралық Бейбітшілік және келісім қорының «За услуги в образовании»; «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Білім көшбасшысы»,Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны, педагогика ғылымдарының докторы– Наурызбаева Рахат Наурызбайқызы;
- Ақын, балаларға арналған «Жоғалған ұйқы» кітабының авторы, балалар жазушысы Нұғыманова Камшат Әбілғазықызы;
ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, балалар ақыны - Қосанов Оразбай Сағындықұлы;
Ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. Республикалық «Алтын тұғыр» әдеби байқауының жеңімпазы. Қазақстан Жазушылар одағы Семей өңірі филиалының төрағасы, балаларға арналған өлеңдердің авторы – Мерей Қарт;
Балалар жазушысы, ертегіші Берік Алтынай Айбекқызы;
«Детская книга в Казахстане: читательский интерес и иллюстрации» Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының 4 курс студентті – Тайғұлы Айдана қазіргі Қазақстандағы балалар әдебиетінің жай-күйімен және балаларды кітап оқуға қызықтырудың жолдары жайлы өз ойларымен бөлісті.
Орыстың танымал педагогы Л. С. Выготский: «Сіз баланы қандай-да бір әрекетке шақырмас бұрын, оны қызықтырыңыз» деген екен. Бүгінгі күні барлық кітапханаларда балаларды кітапқа қызықтыруда түрлі әдіс-тәсілдер, іс-шаралар, үйірмелер, жобалар қолданылады.
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапхана басшысының орынбасары - Жаңғабылова Айгүл Есенқызы, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, балалар бөлімінің меңгерушісі - Құдайбергенова Нұргүл Құдайбергенқызы, Қармақшы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі - Аманова Айнұр Әзілханқызы, ШҚ Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы, көпшілік жұмыстар орталығының жетекшісі - Досанова Ақерке Құмарбекқыздары балаларды кітапқа тартуда қолданып жүрген заманауи бағыттағы тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция соңында балалар әдебиеті саласындағы келелі мәселелер төңірегінде екі жақты ой талқы болды.
"Келісіп пішкен тоң келте болмас" дегендей ортақ мәселелерді осылай келісіп шешсек, алар асуларымыз мол, оқырмандарымыз көп боларына сенімдіміз.

 

Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h st. Kazakhstan, 102
 Ust-Kamenogorsk
         East Kazakhstan Region