homesemail1sm

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бет

«Тәуелсіздік дәуірі»: мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев кітабының презентациясы

15 ақпан 15.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының презентациясы өткізіледі. Іс-шараға Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, педагогтар, кітапханашылар, студенттер және Өскемен қаласының тұрғындары қатысады.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихының басты тағылымы мынада: кез келген тығырықтан жол тауып, кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырып, ең асқақ арманға қол жеткізу әркімнің өз қолында.  Жеңіс пен жетістік – жасқанбай алға ұмтылғанның еншісінде»,– Елбасының жаңа кітабының осындай жолдары бүкіл кітаптың мазмұнын ашып тұр.

Кітап тарихи публицистика жанрында жазылған және егемен Қазақстанның 26-жылдық тарихын баяндайды.  Елбасы кітабында  үш рухани жаңғыруымыздың мақсаты, негізгі ұстанымдары мен табыстары  сараланған. Кітапты оқи отырып, оқырман мемлекет басшысы қабылдаған шешімдердің  қаншалықты дұрыс және ұтымды болғаны, Қазақ елінің ертеңгі өркендеу бағдарының мән-мағынасын түсінеді.
Жаңа кітап еліміздің маңызды оқиғаларын баяндап, тәуелсіздіктің 26 жылында қол жеткізген жетістіктерді нақтылы көрсеткен. Сонысымен оқырманға күш-жігер береді. Біздің ойымызша, ортақ мақсат және сауатты даму стратегиясы, әр қазақстандықтың өзін-өзі тұрақты жетілдіруі арқылы біздің еліміз қуатты қоғамда әлеуетті адамдар өмір сүретін  өркенді мемлекетке айналады.     Кітапты біздің А. С. Пушкин атындағы облыс кітапханадан алып оқи аласыздар. Сондай ақ, кітаптың электронды нұсқасын Елбасының жеке веб парақшасында және біздің кітапхана сайтында таба аласыздар. Немесе QR код арқылы екінші қабаттағы кітапхана баннерінен ұялы телефонға жүктеп алып оқуға да болады.


Байланысшы: Рахимбаева Б.С., 261333

konvertor