homesemail1sm

«Великие личности Великой степи»


Read More...

«Уа, Қабанбай, көзелім»: республиканский онлайн конкурс


Read More...

Областной конкурс «В мире сказок и волшебства»


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...
0123
You are here: HomeARCHIVEАлтайдың ақтаңгері Ақтан ақын

Алтайдың ақтаңгері Ақтан ақын

 А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы елімізге танымал айтыс ақыны және жазба поэзияда өз орны бар белгілі ақын Ақтан Нұрбаевтың  95  жылдық мерейтойына орай  8-16 жас арасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында  «АЛТАЙДЫҢ АҚТАҢГЕРІ АҚТАН АҚЫН» атты қалалық Ақтан Нұрбаев оқуларын жариялайды.

 ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ақпарат:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы елімізге танымал айтыс ақыны және жазба поэзияда өз орны бар белгілі ақын АҚТАН НҰРБАЕВТЫҢ 95 жылдығына орай «АЛТАЙДЫҢ АҚТАҢГЕРІ АҚТАН АҚЫН» атты қалалық Ақтан Нұрбаев оқуларын жариялайды.

Өтетін мерзімі: 2021 жыл 10 қазан – 10 қараша аралығы.

2. Байқауды ұйымдастырушылары:
2.1. А. С Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы;
2.3. Байқауға қатысушылар – 8-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер.

3. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
3.1. Ұлттық әдебиетке деген оқырман қызығушылығын қолдау және дамыту;
3.2. А.Нұрбаевтың мәдени мұрасын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, жас таланттарды анықтау. Ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау;
3.3. Өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау;

4. Байқаудың шарты:
4.1. Байқауға Өскемен қаласы бойынша қазақ орта мектептерінің 6-8 сынып оқушылары қатыса алады.
4.2. Ақтан Нұрбаев оқулары екі кезең бойынша өтеді.
I кезең - Мектепішілік іріктеуде анықталады. Мұнда А.Нұрбаевтың кез келген 1-2 өлеңін жатқа мәнерлеп оқиды. Бұл кезеңнен өткен байқауға қатысушылар қалалық байқауға жіберіледі.
II кезеңде байқауға әр мектептен 1 оқушы қатыса алады.
Қатысушылар А.Нұрбаевтың өлеңін 1-2 өлеңін жатқа оқып өзара сайысқа түседі. Сайыс Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтеді. Байқауды қазылар алқасы бағалайды.
III кезең - бағалау: Қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:
1. Өлеңді жатқа оқу шеберлігі;
2. Сахнада өнер көрсету мәдениеті;
3. Өлеңнің ішкі идеясын таныта алуы;
IV. Жеңімпаздарды марапаттау: Байқау жеңімпаздарын қазылар алқасы анықтап, марапаттайды.
1-орын марапат, 50 000 теңге
2-орын марапат, ақшалай сыйлық
3-орын марапат, ақшалай сыйлық
Барлық қатысушыларға (7 оқушыға) марапат және ақшалай сыйлық. Жетекші мұғалімдеріне марапат ұсынылады.

Байқаудың 2 кезеңі марапаттау шарасы демеушілердің қатысуымен салтанатты түрде өтеді.
Байқауға қатысушы туралы мәліметті This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына 10 қарашаға дейін жолдауы керек.

 

Байланыс тел.: Аскерхан Ақтай 8 708 900 53 84

 

konvertor

t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h st. Kazakhstan, 102
 Ust-Kamenogorsk
         East Kazakhstan Region