homesemail1sm

«Великие личности Великой степи»


Read More...

«Уа, Қабанбай, көзелім»: республиканский онлайн конкурс


Read More...

Областной конкурс «В мире сказок и волшебства»


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...
0123
You are here: HomeARCHIVE«Поэзия, тұңғиық теңіз бе едің?...»

«Поэзия, тұңғиық теңіз бе едің?...»

Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай  А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ақын Серік Ғабдуллинді еске алуға арналған «Поэзия, тұңғиық теңіз бе едің?...» атты облыстық ақындар мүшәйрасын жариялайды.

 ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ақпарат
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Поэзия, тұңғиық теңіз бе едің?...» атты облыстық ақындар мүшәйрасын жариялайды.

2. Мүшәйра ұйымдастырушылары
2.1. А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы
2.2. Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО филиалы
2.3.«Отандастар» қоры КеАҚ ШҚО кеңсесі

3. Мақсаты мен міндеттері
3.1. Ел Тәуелсіздігін ұлықтау
3.2. Қазақтың әйгілі ақын С.Ғабдуллиннің шығармашылығын насихаттау, жастарға үлгі ету;
3.3. Талантты жастарға қолдау көрсету;
3.4. Шығыс Қазақстан облысының әдеби мұрасын сақтауға үлес қосу.

4. Байқау тапсырмалары:
4.1. Серік Ғабдуллинге арналған 1 өлең (жаңа), еркін тақырыпқа 1 өлең (бұрын жазылған болса да) жалпы 2 өлең ұсынылады.

5. Байқау шарттары:
5.1. Мүшәйраға қатысуға ақындардың жасына шектеу қойылмайды;
5.2. Өлеңдер «Times New Roman 14» қарпімен 1,5 интервалда терілген, 2 беттен аспауы шарт;
5.4. Белгіленген талаптарға сай келмейтін шығармалар қабылданбайды. Үміткерлер мәтінді жатқа оқулары қажет.

6. Бағалау көрсеткіштері:
6.1. Тақырыптың ашылуы;
6.2. Ақын мұрасының терең зерттелуі;
6.3. Тілінің шұрайлылығы;
6.4. Идеясы, мазмұны.

Өлеңдер 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасында МҮШӘЙРАҒА деген тақырыппен қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кешіккен жұмыстар қабылданбайды. Өлеңдерді қазылар алқасы бағалайды.
Мүшәйра жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Мүшәйра қорытындыланып, жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау шарасы ұйымдастырушылардың қатысуымен салтанатты түрде өтеді. Үздік жұмыстар кітапхана сайтына, әлеуметтік желідегі кітапхана парақшаларына қойылады.

Серік Ғабдуллин атындағы бас жүлде біреу - 100 000 теңге.
I - орын – (1) марапат, ақшалай сыйлық.
II - орын – (2) марапат,ақшалай сыйлық.
III - орын – (3) марапат, ақшалай сыйлық.
Арнайы сыйлық – (2) марапат, ақшалай сыйлық.

Сайысқа қатысуға арналған өтініш.

Қатысушының аты-жөні
Тұрғылықты мекен-жайы
Жасы
Оқу орны, мамандығы
Байланыс телефоны

Сайысқа қатысты сұрақтарға жауапты келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады: Аскерхан Ақтай: 8 708 900 5384

 

konvertor

t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h st. Kazakhstan, 102
 Ust-Kamenogorsk
         East Kazakhstan Region