Қазақстан Республикасының Конституциясы=Конституция Республики Казахстан: Конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.-Алматы: Дидар, 2005.-364 б.:суретті
Кітапхана қорындағы Конституцияға арналған ең көлемді бұл фотоальбом мынандай кіріспемен ашылады:
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, Осы Конституцияны қабылдаймыз».