Көркемсуретті Қазақстан тарихы: Ежелгі заманнан біздің уақытымызға дейін: 4 томдық. Т. 4. Қазақстан ХХ ғасырдың екінші жартысынан біздің уақытымызға дейін.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы,2007.-312 б.: суретті

 

   Көзі қарақты оқырман қауым төрт томдық жинақтың төртінші томында «Егеменді де Тәуелсіз Қазақстан» тарауында Конституция жайлы танымдық дерек пен дәйекті әңгімелерді қызыға оқуға болады. «Елдің негізгі заңы» тақырыбы арқылы Қазақстанда қабылданған Конституциялар тарихымен танысады. Сонымен қатар, қазіргі қолданыстағы Ата заңымыздың мәні мен маңызын бағамдап, саралайды.

   Кітап көркем безендірілген, сирек суреттер енгізіліп, қатты мұқабада шығарылған.