Табанов С.А., Оразова А.Ә.
Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата заңдарының (Конституцияларының) тарихи-құқықтық сабақтастығы / С.А. Табанов, А.Ә. Оразова. – Алматы: Жеті жарғы, 2005.- 360 б.
Назарларыңызға ұсынылған кітап 4 тараудан тұрып, өз ішінде бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Қазақстанның конституциялық эволюциялық дамуының кезеңдерін тақырыпты жан-жақты қарастырады. Ұсынылып отырған еңбектің басты желісі – еліміздің эволюциялық тарихи-конституциялық даму сатыларын бейнелейтін негізгі Ата заңдарымыздың оң және теріс жақтарын айқындау.
Кітап заң институттары мен факультеттерінің студенттеріне, заң-колледж оқушыларына, мұғалім-педагогтерге, заңгерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге, сондай-ақ өзге де құқық мәселелерін оқып үйренушілерге арналған.