Қазақстан Республикасының Конституциясы=Конституция Республики Казахстан.-Алматы: Lem, 2007.-76 б.
Конституция – келешекте еліміздің алдыңғы қатардағы мемлекет болуына, демократияның, әлеуметтік әділеттіліктің, тиімді экономиканың қалыптасуына жағдай жасайтын берік діңгек, алтын ереже. Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары сияқты өмірлік маңызы зор міндеттер Ата заңымыздың алтын арқауындай. Адамдардың құқықтары мен мен міндеттері, Елбасының, мемлекеттік басқару органдарының қызметтері туралы бөлімдерде мемлекеттігімізді дамытудың сара жолдары айқын көрсетілген.