Зылиха Жұмабаеваның хаты

«Күміс табақ көкте жүзген ай сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу,
Сылқ-сылқ қағып, сылдырап аққан су сұлу,
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,
Бәрінен де маған сәулем сен сұлу».

       1894 жылы каңтар айының 26-сында. Қызылжар шаһарындағы Әлібай қажы баласы Құрманбайдың отбасында үлкен қуаныш тойы болды. Зайыбы Жәмилә (Мейірман қажының кызы) тұнғыш перзентті болған еді. Әлібай қажы бірінші көрген немересіне Зылиха деп ат қойды.
       Зылиханың 5 жасында әкесі Құрманбай (1899 жылы) дүние салып, Жәмилә екі баламен жесір қалады (Зылиханың 3 жасында, 1897 жылы інісі Сабыржан туған еді. Кызылжарда қазақ мектебінің болмауынан Зылиханы сол жылы татар мектебіне оқуға береді де, оқуды өте ыстық ынтамен оқыған ол татар, орыс, араб тілдерін жақсы игеріп, оқушы құрбыларының алды болады. Бірақ бұл қуанышы көпке бармайды, ол алтыншы класты аяқтағаннан кейін, анасы Жәмилә оны мектептен шығарып алып, үйде ас пісіруге, киім тігуге, кесте тоқуға үйретеді. Кешкі демалыс сағаттарында сыртқа шығып қыздармен ойнайды, гармонь тартып үйренеді. Әсіресе, ол гармоньді жақсы тартатын, өзімен бір бөлмеде тұратын Ғанипа деген қыздан гармонь тартуды үйреніп жүрді. Осындай кешкі сауықтардың бірінде көрші Міржақып Дулатовтың үйіне келіп, орыс тілінен сабақ оқып жүрген жас Мағжан терезеден Зылиханы көріп, оған ынтызары ауады. Жанында отырған Міржақып еш нәрсені де аңғара алмайды. Осы жас жүректің ыстық лебін Мағжан өлеңмен былай сипаттайды:

«Жас күннен бірге ойнап, бірге өстік,
Бір жүріп сабақты да бірге оқыстық.
Есейіп бірте-бірте ескірген соң,
Жақындық арамызда артты достық.
Балалық махаббатты тамашада,
Қызарып ұялысып оңашада
Бір сағат көрісе алмай тұра алмаушы ек,
Көңілдер бір, бөтен ой болмаса да.

       Сұлу қыздардың сыртынан ғашық жігіттер көп болатыны ежелден белгілі ғой, соның біреуі - Міржақып. Ол өзінің фотосын Ғанипаның інісі Харрастаң Зылихаға беріп жібереді. Зылиха оны көреді де, Харрасқа кайтып береді... Осымен арада көп күндер заулап өтеді. Уфаның Ғалия медресесіне түсуге дайындалып журген Мағжан қалалық қітапханадан шықпайтын, Хаким нағашысының үйіне тек жатуға ғана келетін. Бір күні Мағжан үйге кеш келісімен нағашысының үлкен баласы Ғалымжанға: «Мына хатты Зылихаға апарып бер», - деп тапсырады.
       Ол хат мынадай: «Қарындас Зылиха! Осы хатты алғандығыңызды білдіріп, хат жазуыңызды күтем. Мен биыл оқуға кетем, егерде көңіл қосып, мақұл көрсеңіз, мені күтуге қалай қарайсыз?»
       Мағжан 1910ж. Июль. Бұл хатқа жауап бере алмаған Зылиха ретін тауып көңіліне Мағжан ұнайтындығын да айта алмай, мазасы кетеді. Мағжан қыздың хатты алғанына іштей риза болады да, Уфаға оқуға түсуге.жүріп кетеді. Онда медресе Ғалияға барып түседі. Ол уакытта почта арқылы қыз бен жігіт хат жазып, хат алысу дәстүрде жоқ. Сондыктан да Мағжан мен Зылиха бір-бірімен хабарласа алған жоқ.
       1913 жылы қантар айының 23 күні шешесі Зылиханы өзі сүймеген, сырласпаған Хасан, Мұхамедияров деген саудагер башкұрт жігітіне тұрмысқа береді.
       1914 жылы жаз айларының ішінде Мағжан каникулға Қызылжарға келеді. Бұл кезде Зылиха күйеуімен Петренов көшесіндегі екі қабатты тас үйде тұратын. Зылиханың таңертеңгі асқа дайындық жасап жүрген кезі болатын. Бір мезет терезеден қараса.
       Қорапты арбаға ала ат жеккен Мағжан кақпаға тақап қалған екен. Алғашында абдырап қалған Зылиха артынша ес жиып, сыртқа шығып, есікті ашып, Мағжанды ілтипатпен карсы алады.
       Мағжан үстінде - семинаристер формасы (желбегей), басында - жасыл түсті фуражка. Зылиха қонақ күту жағынан көргенді, дәстүр-салтты білетін сүйкімді адам болатын. Ол Мағжанның сырт киімін шешіндіріп, конақ бөлмеге алып кіреді де, өзі шай дайындауға кіріседі. Мағжан тек шай үстінде ғана: «Жолдасыңыз қайда?» - деп сұрайды. Зылиха: «Ол түскі тамаққа келмейді, кешке дүкенді жауып, сауда аяқталғанда ғана үйге кайтады», - дейді. Сөз арасында Мағжан өзінің Омбы мұғалімдер семинариясына оқуға түскенін, қазір каникулға шыққанын әнгімелейді. Шайдан соң Мағжан көп бөгелмей аттанып кетеді.
       Бұдан кейін олар біразға дейін көрісе алмаса керек. Тек 1914 жылы қазан айында Зылиха жолдасы Хасанмен Омбыға емделуге келеді. Алғашкы күндері конақ үйінде жатып, соңынан Хасан Зылиханы Абылайханов Мегештің үйіне орналастырып, өзі Қызылжарға жүріп кетеді. Зылиха осы үйден дәрігерге барып, көзіне операция жасатады. Әбден сауыққанша осы үйде жатып, жақсы дос; жолдас-жоралар табады. Әсіресе Қуанышова Әмина деген қызбен ерекше жақындасып кетеді. Бос уакытында онымен киноға барады, лото ойындарын ойнайды. Бір күні Әмина және оның інісі Сапа, Зылиха үшеуі «Мұстафа» деген киноға барғанда, оларға Мағжан келіп косылады. Бұған Зылиха іштей қуанып калады. Мағжан лезде төрт билет алып келіп, бәрі бір қатарға жайғасады. Әрине, Мағжан Зылиханың жанында. Кинодан шыққан соң, Әмина інісі Сапамен ілгері бөлініп кетеді де, Зылиха Мағжанмен калса керек. Міне, осы кездесуде ғана Мағжан: «Менің хатыма неге жауап бермедің? Хасанға күйеуге шығу сол кезде ойында болып па еді?» - дейді. Зылиха: «Ата-ананың сөзінен шығатын жағдайым болмады», - деп сыпайы жауап береді. Үйге жақын келгенде, Әмина мен Сапа бұларды күтіп алып, барлығы ішке бірге енеді. Үй иелері жастарды құрметпен қарсы алып, шайға шақырады. Мағжан үстел басында да Зылихаға көп көңіл бөледі, шыныаяғын әперіп, жәрдем көрсетіп отырады. Бір-бірімен кездескендеріне іштей риза.
       Зылиха көзі сауығып, қараша айында Қызылжарға аттанып кетеді.
       Осыдан соң Мағжан Зылихамен 1915 жылы жазда ғана Қызылжарда, «орыс-қазақ» сауық кешінде кездеседі. Бірақ бұл кездесу ұзақ болмады, Зылиха сауда қызметіне асығады, күйеуі Хасан дүкенде оны күтіп отырған. Екі ғашық бірін-бірі көргендеріне ғана мәз болып, тез коштасуға тура келгенмен, ғашыктық оты үдейді, бірақ Мағжан ынтық жүрекке тоқтау салып, Зылиханың отбасын бұзбауға шешімге келеді.Демалыс аяқталып, оқуға жүретін уақыт болған шақта, тағы да сәті түсіп, Зылихамен бақшада кездеседі және бұл ең соңғы кездесу болатын. Міне осыдан олар көп жыл бойы кездесе алмайды. Кейінірек Хасан мен Зылиха Акмолаға көшіп кетеді де. 1919 жылы Хасан сүзек ауруынан Ақмолада кайтыс болады. 1920 жылы қазан айында Зылиха күйеуінің жылын өткізіп, Кызылжарға, төркін жұртына кайта көшеді де, 1917 жылы Омбының мүғалімдер семинариясын алтын медальмен бітірген Мағжан да Сасықкөл басына, туған ауылына қайтып оралады. Бекен атай мен Гүлсім апай баласының оқу тәмамдағанын үлкен той жасап атап өтті. Бір күні Бекен атай: «Балам, мамандык алдың, жасын 24-ке келді, енді үй болып, отау тігуді ойластыратын кезін жетті», - дейді.
       Әуелде басын ашып, ешқандай жауап бермегенмен, ата-ананың ақ тілегі Мағжанға ой салып, көңіл күйімен қабыса кеткендей болды. Мағжан 1918 жылы Жақып төренің жиені, Шоқан Тастеміровтің қызы Зейнепке үйленеді. Колчактың Батыс Сібір жерін басып алуына байланысты Сасықкөлде думандатқан той бола қойған. Зейнеп адамгершілікті жоғары бағалайтын, ер сылайтын, ауыр мінезді, сабырлы жан еді. Бұл Мағжан отбасының ынтымақты болып тұруына үлкен әсер етті. Олар Омбыда тұрған кезде қазақ мұғалімдерін дайындайтын курс ашылып, Мағжан оның директоры болып тағайындалған-ды. Кейін бұл курс Қызылжар педучилишесінің негізі болды. Сүттей ұйыған отбасының шат өмірі көпке бармай, Зейнеп 1919 жылы 10 ақпанда баладан қайтыс болады, ал жаңа туған нәрестенің атын «Граждан» деп Мағжанның өзі азамат соғысына байланысты қойды. Бірақ Гражданның өмірі де ұзаққа бармай. 9 айдан соң өкпеден суық тиіп, ауырып кайтыс болды. Осындай ауыр қазаларынан кейін Мағжан өзін жұбатып, баласына арнап,
       «Баланың қабір басына» деген өлең жазды:

«Қайғырмаңдар бұл сәбиді өлді деп,
Жас қызыл гүл мезгіл етпей солды деп.
Бақыты жоқ сорлы ата-атаның
Жанар-жанбас шашырағы сөнді деп.
Өлгені емес, жерді тастап кеткені, -
Шын бакытқа ерте бастан жеткені.
Ізгі оймен жайлы жаннат төрінен.
Орын алып ата-анасын күткелі!»

       Дегенмен, алғашқы, бала жасынан сүйген Зылиха ұмытылмай, есінде сақталған болу керек. Оның жолдасының өмірден өткенін және Зылиханың үйіне қайтып келіп отырғанынан сырттай хабардар Мағжан Рабиғаны (Зылиханың досы) ертіп, бір күні Зылихаға көңіл айтуға келеді.
       Міне, осы кезде Зылиханың шешесі Жәмиләнің бүгін түнде жаппай тексеру болады, құжаты жоқ (жұмыс орнынан) адамды ұстап, жұмысқа салады деп әбіржігенін көрген Мағжан ертеңінде есеп-санақ басқармасынан Зылихаға жұмыс істейді деген анықтама қағаз әкеліп береді. Бұл Мағжанның «Бостандық туы» газетінде қызмет істеп жүрген кезі. Артынша Сабыржанды да (Зылиханың інісі) осы есеп-санак басқармасына қызметке орналастырып, малын, халықтың санағын жүргізуі үшін бес болыс Керейге командировкаға жібереді. Сабыржанды жолға шығарып салуға Мағжанның өзі келеді. Бұл кеш шешуші кеш болды. Мағжан мен Зылиха алғашқы рет ашық сөйлесіп, бір-біріне деген ынтызарлықтарын айтысады. Мағжан 1920 жылы осы кешке арнап жазған «Сүйгенім анық» атты өлеңінде:

«Көрдім де келдім,
Қолымды бердім.
Сүйем сені, сұлу,
Жүрегім жанып,
Сүюім анық,
Куә болсын көп жұлдыз!»

- дейді.
       Бұдан былайғы күндерде Мағжан Зылиханы киноға, театрға апаратын болды. Осы кезде қазақ жастарына арналған жас өнерпаздар клубы ашылып, ол «Кирклуб» деп аталды. Клубты ұйымдастырушы Мағжан еді. Зылиха да аталмыш клубқа мүше болды. Қазақ кыздары мен жігіттерді ұйымдастыруда жастардың мушелікке көбірек өтуіне Таупык Бердіқожин, Жамшит Нұрмухамбетов көп еңбек сіңіргенді. Аталмыш клубқа алғаш мүше болған кыздар: Хадиша Жамалидинова, Зылиха Серкебаева (Ермек Серкебаевтың шешесі), Қуанышова Әмина, Жамал Бақшилова (Сырғабековтің әйелі), Гүлшира Жалтырова, Әмина Нұрымова, Әширән Жалтырова, Фатима Балтаева, Жамал Тастемірова. Жігіттерден «Кирклубка» алғаш мүше болып тіркелгендер: жаэушы Мәжит Дәулетбаев. Оспан Қашағанов, Қурмаш, т.б. болды. «Кирклубты» ұйымдастыру жұмысы қызу жүріп жатқанда. «Бостандык туы» газетінің Омбыға көшуіне байланысты Мағжан да сонда ауысуға мәжбүр болады. Қыс айы болатын. Мағжан кеткен соң-ак Зылиха клубқа баруын тоқтатады. Алайда, Омбыда ашылатын Сібір - Қазақстан Халықтарының съезіне Зылиха Қызылжардың «Кирклубынан» делегат болып сайланып, Зылихамен бірге Мариям Тіленова, Бибіжан Бақшилова, т.б. келді. Оларды Омбының теміржол вокзалында ат арба-мен құрметтеп күтіп алып, кала ортасында арнаулы бөлінген қонақ үйге алып келеді, бірақ қонақ үй суық болғандыктан делегаттар таныс, туыстарының үйлеріне тарап кетеді. Зылиха Мағжанның нағашысы Ғазизбайдың үйіне барады да, үй тар болғандыктан Ғазизбайдын баласын ерткен Зылиха Мағжан тұрған Жаңбыршының үйіне келеді. Мағжан да күтіп отырған болу керек, үлкен қуанышпен карсы алып, Зылиханы Жаңбыршының қызы Қайныштың бөлмесіне орналастырады. Ертеңінде Мағжан Зылиханы съезд өтетін Омбының театрына бастап апарып, өзі «Бостандық туы» газетінің редакциясына қызметке кетерінде оған блокнот пен қарындаш сыйлайды. «Кім не айтады, соны жазып отыр, ол саған Қызылжарға қайтып оралғанда керек, съездің қорытындысынан баяндама жасайсың», - дейді Мағжан. Сьезді Ғаббась Тоқжанов пен Темірбек Телжанов құттықтап сөз сөйлеп ашып (екеуі де НКВД бастықтары), негізгі баяндамашы орыс тілінде сөз сөйледі, ал оның сөзін Мағжан қазақшаға аударып тұрды. Съезге Орынбордан Казақстан Орталык Комитетінін хатшысы Сейтқали Мендешов келіп, оған Шәміл Қаратаев (әскер басшысы) бастаған 100 шақты солдат еріп жүрді. Ақмоладан келген Кәрім Тоқтыбаев, Нәзипа Кұлжанова, Әбдрахман Әйтиевтің (Кир-крайдың бастығы) үйіне түсті. Съезд жабылатын күні осы үйде сауық кеші өткізіліп, Мағжан Зылиханы сонда ертіп барады. Кеште Мағжан орысша, қазақша сөйлеген сөздерді аударып отыру міндетін атқарды.
       Осы съезде Омбы - Сибкрай, Қызылжар - Киркрай болып екіге бөлінеді де, «Бостандық туы» газеті редакциясы Қызылжарға қайта көшіп келді. Мағжан да редакция қызметкерлері мен бірге мамыр айының аяғында қайтып оралғанды. Губкомның төрағасы болып бекітілген Әйтиев Әбдрахманның әйелімен Зылиха тез тіл табысып, тату дос болады. Олар 1921 жылы Бурабайға демалуға жеңіл машинамен келеді, бұл Қазақстандағы тұнғыш машиналардын бірі еді. Бурабайға келген кісілердің ортасында болған Мағжан, Темірболат Телжанов, Досов Әбілкайыр командировка мен демалысты қатар ұштастыра жүргізді. Лекция оқу, сауатсыздыққа қарсы үгіт жұмыстарын жүргізу мен мектептер ашу, қазақ балаларын оқыту мен жетім балалардың үйлерін ұйымдастыру және санақ жүргізу оңай шаруа емес қой.
       Мағжан осы жолы «Ақан серінің өмір тарихын» жазды. «Оқжетпестің қиясында» деген поэмасын да Бурабайда жазып аяқтады. Мағжан мен Зылиханын достығын, сүйіспеншілігін жұрттың бәрі ұната берген жоқ. Олардың арасына түскісі келген, Зылиханы сырттай ұнататын жігіттердің бірі - Жанайдар Садуақасов еді. Бұл кезде Жанайдар Қызылжар атқару комитетінің төрағасы болып кызмет істейтін. Осыдан халық комиссары қызметіне ауысқалы жатқанда Жанайдар Зылихаға сөз салады, оны Жәмилә шешей де қош көргенмен, Мағжанды қия алмаған Зылиха оларға көнбейді. Зылиханың шешесінің әрекетіне Мағжан қатты күйінеді және бұл шын ғашықтардың арасында түсініспеушілік те тудырған. Ал, Бекен атай Өсербайдың Даулиінің қызы Жәмиләға кұда түспекші болады. Осы кезде Жақия жездейдің Жамал деген қызы бойжетіп, тұрмысқа шығуға тойға әзірлік жүріп жатқан. Жиен қарындасы Жамалдың тойына Мағжан да шақырылды, шақыртуды болашақ күйеу - Таупық Бердіқожинов өз қолымен табыстайды. Тойға Мағжан жалғыз келеді. Бұл тойға Зылиха да шақырылған екен, көптен бір-бірімен кездеспеген ғашықтар иықтаса отырып, Мағжан: «Кісі жіберіп шақырғанда неге келмедің?» - деп өкпе-назын айтады және аз ғана отырған соң пәтеріне қайтып кетеді, Пәтерде Мағжанмен бірге алты жігіт тұратын еді. Мағжанның тойдан неге тез кайтқан себебін аңғарған олар Жұмағалидың әйелін ат-арбамен жіберіп, Зылиханы алдырады да, жігітгер: «Мағжан сізден басқаға үйленбейтіндігін біз жақсы білеміз. Тойда да байыздап отыра алмай, тез қайтып келді, қатты қапаланып жатыр. Кесімді жауабыңызды күтеміз», - дейді. Зылиха: «Жәми (Жәмилө) Данияр қажының мен Әлібай қажының қызынан туғанмын. Ол менің апам - Мағжан алам деп, апам Жәми тием деп уәделескен көрінеді, сондықтан араларына түсе алмаймын. Жазушының әйелі көп болады дейтін, соның бірі болмақ емеспін», - дегенде. Жұмағали:
       «Мағжан ондай адам емес, адал, ақ жүректі жан, егер сені алдаса біз жолдастықтан айрыламыз», - дейді.
       Осы тұжырымды шын достық, сенімді сөзден соң Зылиха «Інім бар, сонымен ақылдасайын» деп үйіне қайтпақшы болады, оны Мағжан шығарып салады. Ертеңінде Зылиха Сабыржан інісімен ақылдасады. Сабыржан: «Мағжаннан артық кімге барасың, егер екі қызым болса, соның екеуін де Мағжанға берер едім», — дейді. Сабыржанның шешімді пікірі Зылиханыңда көңілінен шыққанды. Осы күні кеште екі ғашықтың — Мағжан мен Зылиханың тағдыры шешіледі. Зылиха бұрынғыдай Мағжанмен кездескеніне мәз болып қана қоймайды, шындықтың басын ашып айтады. Ол: «Мен күйеуім өлген әйелмін, ертең сен біреуден қалғансың деп бетіме басатын болса, бір күнде бірге тұрмаймын,» - дейді
       Мағжан: «Қыздар көп екені рас, бірақ маған аштығыма, жоқтығыма шыдайтын, ондай-мұндай ауыр күн түссе артымнан іздеп келетін жолдас керек, ол сен ғана боласың ғой деп сенемін. Адам баласы өзін қымбат санау керек, өзін қымбат санаған кісі серігін де қымбат санай біледі», — деп түйінді сөз айтып, екеуі мәңгілік серік болуға уәделескен. Сондықтан Мағжан «...ға» деген өленінде:

«Дедің де сен күліп, жолым бастадың,
Жауын, дауыл, оттан, судан қашпадың.

 

Қасиетті, сиқырлы сөз күшімен

Міне, азырақ есім жия бастадым.
Алтын сәулем, ақ періштем, жан салған
Кім біледі, айырса егер сұм жалған
Жүргенімде жер жүзінде тірі боп
Бағынатын, табынатын сен — аллам!»

деп жазған. Мағжан мен Зылиханың неке қиюға, загске отыру, азаматтық міндетті сақтауға мүмкіндіктері болмады. Бекен атайдың Жәмиге кұда түсуге келетін мерзімі де болып қалды және Зылиханы анасының Жанайдарға қосқысы келетіні де анық. Ол Мағжанға қарсы. Міне, осындай себептермен екеуінің Қызылжарда қосылуына мүмкіндік болмайды, сондықтан кейінірек сол қалада кездесу үшін Мағжан Челябіге поезбен аттанып, Зылиханы Челябіде 15 күн күтеді. Мағжан аттанып кетісімен екі күннен соң баласы Мұхамеджанды ерткен Бекен атай Жәмиләға құда түсуге Қызылжарға келеді. Бірақ, Мағжанды ешқайдан таба алмаған Бекен атай салы суға кетіп, елге қайтады. Осы кезде Зылихаға Аспандьяров Кенжеден Орынборға оқуға шақыру қағазын келеді. Шақыру қағазын ұйымдастырған Мағжанның тілектес жолдастары болатын. Бұл Зылиханың оқуға барамын деп үйден босанып шығуына жақсы сылтау болды. Зылиха жолға шығуға дайындалып, алқа, асыл тас, меруерттерін сатады да, Орынборға дейін екі билет сатып алады (бірі Мағжанға). 1922 жылы Таупық пен Зылиха Қызылжардан поезбен Челябіге аттанып, станцияда поездан түскенде, перронда Мағжан күтіп тұр екен. Осы Челябі вокзалының басынан бұлар ерлі-зайыпты болып, Зылиха 28 жасында, Мағжан 29 жасында кол ұстасып Орынборға поезбен аттанады. Олармен қимай қоштаскан Таупық та Москваға оқуға жүріп кетеді. Орынборда жолдастарының үйлерінде үш күн аялдаған Мағжан мен Зылиха, енді Ташкентке аттанады. Бұлар Ташкентке келген бетте Мағжанның «Педагогика» атты кітапшасына, сондай-ақ бірнеше өлеңдеріне қаламақы алады және бұл оларға үлкен материалдық көмек болғанды.
       Мағжан үйленуімізге арналған ескерткіш болсын деп, сол қаржыға Зылихаға алтын сақина, білезік, сырға, медальон, т.б. әперіп, зайыбын қуантады. Ақынды шын сүйген сұлудың өміріндегі жаңа кезең, бақытқа, сүйіспеншілік, қуанышқа толы кезең басталды. 1922-24 жылдары Мағжан отбасымен Ташкентте тұрып, орыс, қазак тілдері мен әдебиетінен қазақ-қырғыз студенттеріне лекция оқыды әрі шығармалары «Сана», «Шолпан» журналдарында жиі басылып шығып тұрды. Осында, яғни 1922 жылы Мағжан бұрын тек хат арқылы ғана таныс болып келген Мұхтар Әуезовпен тұңғыш кездесіп, достасады. Осы қыстың мұздақ түскен күндерінің бірінде Зылиха құдықтан су алуға барғанда тайып құлайды да, Чайковскийдің «Аққу көлі» балетіне барған кезде жағдайы мүлдем ауырлап кетеді. Үйге келген соң дереу дәрігер шақыртып, Зылиха ауруханаға түседі. Осы құлағаннан кейін Зылиха үш айлық баласына түсік тастайды және ұзақ уақыт ауырады. Мәскеуде тұрғанда операция жасатуға да мәжбүр болған.
       Жазмышқа амал қайсы, осымен Зылиха ана болу мүмкіндігінен біржола айрылды, бірақ бұл Мағжан мен Зылиханың пәк махаббатына, шынайы сүйіспеншілігіне кір келтірген жоқ. Тек бір өкініштісі, ағамыздан ұрпақ қалмады. Әйтсе де, тағдыр солай деп қана өзімізді жұбатамыз, амалсыз алдарқатамыз.

                                                                                        Түркістан, 1997.- 2-8 көкек.
Ғаділша Қаһарманұлы. Сүйген сұлу.