Мағжан Жұмабаев. «Сен сұлу» Бұл кітапқа ұлы Мағжанның - махаббатшыл жүрек қобызын шерткен өлеңдері берілген. Мағжан лирикасында махаббат бір сәттік көрсеқызарлық емес, елпетпе елжірегіш сезім де емес, жан-тәнімен тұтас сүйгенді махаббат дейді. Өмірдің мәні де, сәні де әйел деп біледі. Әйелді ғарыштан, нұрдан жаралған деп, ару көркін асқақтата жырлайды. Осы орайда оны қазақтың сыршылдық, сезімдік лирикасының бас ақыны, жүрек сөзінің жыршысы деуге толық негіз бар. |