Мағжан Жұмабаев. «Сүй, жан сәулем»

Жалғыз қазақ емес, күллі Тұран жерінен шыққан түркі текті халықтардың мақтанышына айналып, көзі тірісінде-ақ мәңгілік сөнбес Шолпан жұлдызындай жарқырап шыққан Мағжан ақын жырлары уақыт өткен сайын соны қырынан көрініп, осы басылым арқылы танымал болды. Ұзақ жылдар көз жазып қалған қазақтың ұлы ақынының бұл кітабына әр жылдары жазылған өлеңдері мен поэмалары топтастырылған.