Мағжан Жұмабаев. «Жан сөзі» Қазақ лирикасында «Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ...» Мағжан - алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Әсіресе, махаббат лирикасы мен ғажайып дастандары әлем поэзисының інжу-маржаны екеніне осы өлеңдер жинағын оқыған оқырманның көзі жетері сөзсіз. |