«Байқоңыр баспалдақтары»  1977 ж.

Көлемді дастан «Байқоңыр баспалдақтары» Қазан төңкерісінен бастап, бүгінгі күнге дейін өсу, өну жолымызды баяндайды. Қала мен далада бұл дәуірде қол жеткен табыстар орасан. Қырда миллиард болса, өндірісте Түрксіб, Қарағанды көмір кені сияқты бүгінгі Байқоңыр биігінің баспалдақтары болды. Космосқа құлаш сермеу сол басқыш, тиянақ, сүйеніштер арқасында ғана мүмкін болғаны хақ.

Түрксіб шпалдары, бесжылдықтар –
Бүгінгі Байқоңырдың баспалдағы! –

деп өзі жырлағандай, ақын Ұлы Октябрь жетістіктерін көркем бейнелейді.