«Мен қазақпын» 2007 ж.

Жинаққа аса көрнекті ақынның нәзік лиризмге толы өлеңдері мен халқымыздың өткен тарихына арналған бірсыпыра поэмалары топтастырылды. «Мен қазақпын» поэмасында еліміздің кешегі өмірі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, мінез-құлқы ақындық шабытпен, асқақ үнмен жырланады. Нағыз ақынның туындыларын толқымай оқу қиын. Жинақтың жас ұрпаққа берер тағылымы, үлгі-өнегесі мол.