(1858-1931 жж.)
Ағартушы, ақын, жазушы, тілмаш, композитор, тарихшы және философ, Алаш қозғалысына қатысушы. Абайдың классикалық поэзиясын жалғастыра отырып, халқына ұлы әдеби мұра қалдырған. Ол тек қазақ халқының ғана емес, барлық туыстас түркі халықтарының, тіпті Шығыс мәдениетінің, барлық Еуропа елдерінің философиялық ой-танымдарын зерделеп, өз халқының ұлттық дәстүріне негіздей отырып, жетілдіріп, философиялық ойымызды, дүниетанымымызды әрі қарай дамыта түскен ойшыл.
(1897-1961 жж.)
Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Абай Құнанбайұлы шығармаларының революциядан кейінгі басылымдарын тұңғыш жинастырушы, құрастырушы әрі редакторы. Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайдың алғашқы ғылыми биографы және шығармашылығын зерттеуші. Жазушы Мұхтар Әуезов Абай Құнанбайұлының басты шәкірттері ретінде екі ұлын – Ақылбай мен Мағауияны, сонымен қатар, Абайдың алғашқы шығармаларын Көкбайдың атынан жариялаған, жақын досы Көкбай Жанатайұлы мен ақынның замандасы әрі інісі Шәкәрім Құдайбердіұлын атаған.
(1916-2004 жж.)
Ғалым, абайтанушы, педагог, профессор, жазушы, драматург, ақын, аудармашы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, ҚазССР әнұраны мәтінінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайын құрушы. Қ. Мұхамедханұлы әдебиеттанушылардың ішінен бірінші болып, Мұхтар Әуезовтың басшылығымен «Абай заманының ақындары» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Қайым Мұхамедханұлының ерен еңбегінің мәні Абайдың әдеби мектебін ғылыми түрде дәлелдеуінде. Ғалымның ықпалымен алғаш рет Ақылбай, Мағауия, Көкбай Жанатаев, Әсет Найманбаев, Әріп Тәңірбергеновтың шығармашылығына талдау жасалып, ғылыми қолданысқа енгізілді.
(1861-1904 жж.)
Ақын, композитор. Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған ұлы. Ол Құнанбайдың тоқалы Нұрғанымның бауырында өседі. Жас кезінде Ғабитхан молдадан 4-5 жыл оқиды. Өсе келе өнерге жақын, әнші, домбырашы, скрипкашы болып шығады. Ақылбай Абай төңірегіндегі әржақты талантты шәкірттерінің бірі болған. Оның ақындық атын тарихта қалдырған – поэмалары. Олар: «Дағыстан» («Кәрі Жүсіп»), «Зұлыс», «Жаррах батыр».
(1870-1904 жж.)
Aқын, Абайдың
Aқын, Абайдың ақын шәкірттерінің көрнекті өкілі. Мағауия әкесінен үлгі-өнеге, мол тағлым алған, ұлы ақынның жолын қуған, білімді, мәдениетті, саналы шәкірті, талантты ақын. Оның алғашқы ақындық қадамынан-ақ Абай өнегесі айқын танылады. Мағауияның лирикалық өлеңдері, Абай айтқандай: «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін», «айналасы теп-тегіс жұмыр келген» нағыз көркем шығарма екенін аңғаруға болады.
(1875-1934 жж.)
Әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, Абайдың тұңғыш жинағын шығарушы. Бала жасынан зерек, ұғымтал, зерделі болған. Әкесінің қадір қасиетін ерте түсініп, табиғи ақындық қуатын ерте танып өскен, Абайдың ең талапты, әрі талантты баласының бірі. Турағұл ұлы ойшылдың әдебиеттегі дәстүрін берік ұстаған саналы, мәдениетті шәкірті болған адам.