- 1919 - 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.
- 1938 - Ленинград қаласындағы (қазір Санкт-Петербург) музыка және кинематография институтын бітіреді.
- 1938 - Мәскеуге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы М. И. Калининнің қабылдауына барып, «халық жауы» деген жаламен тұтқында отырған ағасы Қаптағайды түрмеден босатып алады.
- 1938-1940 - Шымкент облыстық драма театрында қызмет атқарады.
- 1940 - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының труппасында жұмыс істеді.
- 1940 - Тұңғышы Ләйлә дүниеге келді.
- 1942-1949 - «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарды.
- 1945 - Ұлы Талас өмірге келді.
- 1945 - «Абай әндері» фильмінде Ажар рөлін сомдады.
- 1949 - Қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актриса болып қабылданады.
- 1956 - «Қанатты сыйлық» фильмінде мұғалима бейнесін экранға алып шықты.
- 1958 - Бүкілодақтық балалар және жасөспірімдер театрлары фестивалінің дипломымен марапатталды.
- 1960 - «Бір ауданда» фильмінде Айша рөлінде ойнады.
- 1963 - «Ана туралы аңыз» фильмінде Ана бейнесін сомдады.
- 1964 - Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен байқаудың 1-ші сыйлығына ие болды.
- 1966 - Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
- 1968 - Ш. Аймановтың «Тақиялы періште» фильмінде Тана ролін сомдады.
- 1969 - Қазақстан және Орта Азия республикаларының киноөнері бойынша өткен 8-ші байқауының сыйлығымен марапатталды.
- 1975 - Дулат Исабековтің шығармасының желісімен түсірілген «Гауһартас» фильмінде әулеттің ақ жаулықты әжесін сомдады.
- 1996 - өз ұлы режиссер Талас Өмірзақовтың «Әмина» автобиографиялық фильмінде өзін-өзі ойнады.
- 2001 - «Тарлан» сыйлығының иегері.
- 2006 - 26 қыркүйекте 87 жасында дүние салды.
© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы © 1998 - 2019