Шақалар
      Біздің ғажайып Бәйтерегіміз мерекелік шақаларда да өз көрінісін тапты.  Шақалардың бір ерекшелігі, дизайнының өзгешелігі мен құндылығында және таза алтын мен күмістен жасалғандығында. Дүниеге келген таза алтын ақшаның салмағы 1 келі болса, оның диаметрі 10 сантиметр. Қазақстанның 15 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шақа бар болғаны 100 данамен, 5000 теңгелі номиналмен шыққан. Олардың әр қайсысының құны 35 000 доллар. Ал осы мерекелік алтын теңгемен бірге 4000 күміс ақша, көлемі 38 мм, номиналы 500, салмағы да шағын, бағасы 5500 теңге шықты. Жаңа шақалар  біздің Өскемен металлургия комбинатында жасалынады.
Басқы бет