Біздің қазақстандық теңгеміздің туған күні - 1993 жылдың 15 қарашасы. Президентіміздің Жарлығымен 15 қараша төл валютамыздың туған күні және қаржыгерлер күні болып белгіленді. Ұлттық валютамызды теңге деп атаған - Халықаралық инженерлер академиясының академигі, белгілі қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері - Сауық Тәкежанов.
Теңгеміз тәуелсіздігіміздің айғағы, берік тірлігіміздің куәсі. Теңгенің дизайнына шетелдік ірі мамандар жоғары баға берді. Сонымен қазіргі АҚШ долларының төрт қана қорғанышы бар екенін ескерсек, біздің төл валютамыздың 14 қорғанышы болғанын ерекше айтқан ләзім.
Ұлттық валютамыз еліміздің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.
Қазіргі кезде теңге тұрақтанып келеді. Оның тұрлаулы валюта болуы үшін біраз істерді жүзеге асыру керек. Атап айтқанда, өз өндірісімізді нығайтуымыз қажет.