Евразия құрлығының географиясы Шығыс Қазақстанның аумағын орман мен дала араласқан табиғаты мен тағдыры бір екі әлемде біріктірді.
Тарих қойнауына кеткен Ресей империясы Қазақстанға көпұлтты халықты мұра етіп қалдырды. Шығыс Қазақстанның халқының қалыптасу тарихы XVIII ғасырдың бірінші ширегінен, Ертіс бойына бекіністер салынып, Ертіс, Колыван-Воскресенский желісі пайда болған кезден басталады. Кенді Алтай өңіріне жергілікті қазақтармен бірге басқа ұлт өкілдері де қоныстана бастады.
Бекіністер мен форпостарға қоныс тепкен казактар этникалық жағынан біртекті емес еді. Сібір казак әскерлерінің құрамында орыстармен қатар, украиндар, қазақтар, татарлар, поляктар, қалмақтар т.б. этностар қызмет етті. Сол кезде алғашқы орыс шаруаларының ауылдары, ал 19 ғ. аяғы мен 20 ғасырдың басында украин, белорус, эстон т.б. этностардың ауылдары бой көтерді.
Шығыс Қазақстан облысында көпұлтты халықтардың қоныстануы туралы толық ақпаратты ғалым-демографтар Н.В. және А.Н. Алексеенколардың еңбектерінен оқи аласыздар. Соның бірі:

Қазақстан жер аударылған декабристердің, революционерлердің, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың мекеніне айналды.
Олардың көпшілігі жаза мерзімі өтелген соң Шығыс Қазақстанның тұрғылықты халқы болып қалып қойды. Индустриализация кезеңі, ҰОС жылдары, тың көтеру кезінде Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен көптеген жас мамандар келді. Осының бәрі аймақта көпэтникалық қоғамның қалыптасуына ықпал етті. Қонақжай қазақ жері көптеген халықтардың екінші отанына айналды.
Бүгін Шығыс Қазақстанда Республикамыздың саналуан ұлттарының айшықты достығы көрініс тапқан. Бір шаңырақ астында 105-тен астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
1995 жылы 1 наурызда ҚР Президентінің Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы туралы Ережесіне сәйкес Шығыс Қазақстан облысында Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы құрылды. 1992 жылы 6 қарашада республика бойынша тұңғыш рет ашылған Өскемендегі Халықтар достығы үйі Ассамблеяның негізін қалады.
«1992 жылы Қазақстан бойынша тұңғыш рет Өскеменде Халықтар Достығы үйін ашқаным есімде. Кейін осы бастама еліміздің басқа аймақтарында үлкен қолдау тапты» - деген еді Н.Назарбаев.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында 14 Халықтар достығы үйінде 112 этномәдени бірлестік қызмет етуде. (Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалалары, Шемонаиха және Глубокое аудандары).  Өскемен қаласында - 21, Семей қаласында - 14, Риддерде - 11, Курчатовта - 3, Абай ауданында - 1, Бесқарағай ауданында - 1, Бородулиха ауданында - 6, Глубокое ауданында - 4, Жарма ауданында - 3, Зайсанда - 2, Зырянда - 6, Шемонаихада - 9 этномәдени бірлестіктер жұмыс істеуде.
Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы құрамында 15 этностың өкілінен тұратын 114 мүше бар. «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы»  КММ облыс әкімі аппаратының жанында жұмыс істейді.   
Бүгінгі ұлттық-мәдени бірлестіктер мен Қазақстан Халықтары Ассамблеясы облыста тұратын барлық халықтардың салт-дәстүрі мен тілдерін жаңғыртудың, көпұлтты қоғамды нығайтуға бағытталған көптеген игі бастамалардың ұйтқысы болып отыр.
Бұл бөлімнен сіздер өлкеміздегі сан алуан ұлттардың өмірімен таныса аласыздар.  
Біздің кітапхана қорында Шығыс Қазақстандағы этностардың пайда болуы мен салт-дәстүріне арналған тамаша зерттеулер бар.
2016 жылы облыстық Ассамблеяның медиативтік желісі құрылды. Этносаралық салада медиация қолдану саласын кеңейту мақсатында облыстың Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының, облыстың қалалары мен аудандары Достық үйлерінің жанында 75 медиация кабинеттері, қоғамдық қабылдаулар жұмысын жалғастыруда, сенім телефондары жұмыс істейді.
Сіз медиация деген не екенін білесіз бе? Медиация (лат.тілінен mediare – делдалдық ету) - өз ерікті келісімі негізінде үшінші бейтарап әділ тарап - медиатордың (делдалдың) көмегімен олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында дауларды соттан тыс шешу түрі.
     Медиация тәсілдері, ең алдымен, ынтымақтастық арнасында келіссөздерді жүргізуге арқа сүйейді. Медиация – бұл келіссөздер процесі, мұнда делдал- медиатор ұйымдастырушы болып келеді және тараптар тиімді шындыққа негізделген және екі жақтың да мүддесін қанағаттандыратын келісімге келетіндей келіссөздерді басқарады, оны орындау нәтижесінде тараптар өздерінің арасындағы жанжалдарды реттейді.
ШҚО-да медиация дамыту жөнінде облыстық сотпен, әділет, ішкі істер департаменттерімен, адвокаттар алқасымен, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларымен, «Альтернатива», «Шаңырақ» медиация орталықтарымен,  ювеналды соттармен меморандумдарға қол қойылды.
2016 жылы Облыстық ассамблеяда медиация торабы құрылды.75 медиациялық кабинет, қоғамдық қабылдау, сенім телефондары қызмет атқарады.
(Ақпарат ШҚО Әкімінің ресми сайтынан алынды http://www.akimvko.gov.kz).