Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы қажет екендігін айтты. Жоба мақсаты – Қазақстанның көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін жасау.
Шығыс Қазақстан өлкесі тарихи-мәдени, мифологиялық әрі қасиетті орындарға бай. Ұлы Абай өлкесінде сиқырлы қасиеттерге толы орындар біршама. Шілікті мен Берел, Марқакөл мен Зайсан көлдері, әйгілі Рахман қайнарлары, Қиын-Керіш, Қоңыр әулие тағысын тағы. Облысымыздың қасиетті орындары Қазақстан картасынан өзінің ерекше орнын алары сөзсіз.
Берел патшалар қорғаны. Б.э.д. IV ғ. сақ кінәзінің қорымы. Қазба жұмыстары кезінде таңғажайып ғылыми-археологиялық жаңалық ашылған аспан астындағы мұражай кешен. Обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттар, органика, киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар мәңгілік
Мұзтау - Солтүстік Шығыста ақ қарлы шыңымен (4506 м) Сібірмен мен Алтайдағы ең биігі. Бұл қар, мұз, құлама сырғымалар мен жарқыраған су сарқырамаларының хандығы. Онымен Бүркіт аулы тауы көршілес, оның биіктігі - 3 373 м. Бүркіт аулы - Белухадан кейінгі Оңтүстік Алтайдың әйгілі шыңдарының бірі.
Бұқтырма су қоймасы - Алтай тауларының ортасында орналасқан. Дүние жүзіндегі қолдан жасалған ірі су қоймаларының бірі. Оның ауданы - 5500 шаршы шақырым. Орташа тереңдігі - 9,6 м. Осындай орасан зор көлеміне қарайжергілікті халық оны теңіз деп атайды.
Зайсан көлі-ауданы 1800 шаршы шақырым болатын үлкен тұщы көл. Балықтың сан алуан түрі кездеседі.
«Жидебай» қорық-мұражайы. Ұлы ойшыл және ақын Абайдың «Жидебай- Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-мұражайы Семей қаласының орталығынан ауқымды орын алып жатыр. Абай ауданындағы мұражай-қорық бөлімдері: «Жидебай» мұражай-қорығы және Бөріліде М. Әуезов мұражай-үйі.
«Ақ бауыр» үңгіртасы. «Ақ бауыр» үңгіртасы - неолит дәуіріне жататын ең көне ескерткіш кешен. Ол Қазақстанда атақты Стоунхедж іспеттес. Жартас суреттері ғалымдардың «мұнда астрономиялық бақылаулар жүргізілген» деген пікірін нақтылайды, ал петроглифтер пиктографиялық жазбалардан хабар береді.
Рахман қайнарлары. Барлық ауруға шипалы бұл көл туралы аңыз әңгімелер аз емес. Дегенмен, «Рахман қайнары» шипажайының негізгі емдік қасиеті - табиғи минералды жерасты радон сулары болып табылады.
Қиын-Керіш шатқалы. Ашық қызғылт түсті төбелер Оңтүстің Зайсан өңірі мен Маңырақ жотасындағы палеонтологиялық табиғи ескерткіштер. Топырағы мен жер қыртысы ерекше қызғылт түсті жер. Бұл мекенді марсиандық көрінісіне қарай «Аруақтар қаласы» деп атайды. Екінші атауы – «Алаулаған адырлар», яғни табиғи келбеті алаулаған жалынға ұқсайды. Қиын-Керіш аумағынан  құстардың бірқатары  -  бірқазандар мен суқұзғындар тұқымдастары кездеседі.
Шөлейтті жазықтықтар ортасынан көне қала мен бекіністер қабырғалары мен мұнаралары бой көтереді. Бұл елес емес, бұл Қиын Керіш - «Рухтар қаласы» аталатын табиғи эол қаласы. Үштік балшықтан құралған, әдемілігі бойынша бірегейлігі бойынша керемет, қайталанбайтын қызыл, ақ және қызғылт сары құрылымдарымен әсем. Алыстан жарқын балшық шыңдары мен Қиын Керіш құлама жарлары желден созылған жалынға ұқсайды. Оларды осы үшін «Жалынды жар» деп те атайды. Қиын Керіштің басқы қазынасы - саз мен құмдардың осы орындардың көне тропикалық көзі ретінде өсімдіктер таңбасы (пальма, магнолия, араукарин, гинкго және т.б.) мен омыртқалылар қалдықтары (мүйізтұмсық, қолтырауын, тасбақа мен саламандр) салынған шағын қабаттары.
Ашутас – табиғат ескерткіші. Биылғы жылы «Ашутас» табиғат ескерткішіне - 35 жыл. 1982 жылы жергілікті маңызы бар, табиғи геологиялық ескерткіш болып бекітілген. Ашутас - Күршім ауданы, Күршім ауылынан Марқакөл көлі мен Қытаймен мемлекеттік шекарасына қарай 155 шақырым жерде, Қара Ертістің оң жағалауында, Боран елді мекенінен 18 шақырым жоғары оңтүстік тау еңісінде орналасқан.
Ғылыми зерттеулерде «Ашутас» - геологиялық (палеоботаникалық) табиғат ескерткіші – үштік кезеңінің жалпақ жапырақтары флорасының түзілімдерін қорғау үшін құрылған. Түзілімдер ежелгі өсімдіктердің 79 түрінен тұрады және олардың 45 түрі басқа жерде кездеспейді. Ғалымдар Ашутастан тарихи байырғы Шығыс Қазақстан облысындағы тропиктерді сол кездегі өсімдіктер тозаңы табылғаннан кейін жорамалдай алды. "Ашутас" геологиялық-палеоботаникалық табиғи ескерткіші мемлекет қорғауындағы үштік дәуірдің зор ғылыми маңызға ие үйінділері болып табылады.
Палеоботаник ғалымдар ол жерлерден жапырақтар мен мәңгі жасыл субтропикалық өсімдіктер тозаңдарының тасқа айналған іздерін тапқан, олардың ішінде мерей мен магнолия сынды ағаш тәріздес өсімдіктер, сондай-ақ, жылу сүйгіш термиттер, инеліктер, өзеншіктер және басқа да жәндіктердің іздері табылған. Осының барлығы осы аймақтың 25 миллион жыл бұрын болған субтропиктік климаты туралы мәлімет береді.
Өлкеміздің сакральды (киелі) орындары жайлы А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы сайтының (pushkinlibrary.kz) «Өлкетану» бөліміндегі «Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны» мәліметінен оқып, танысуға болады.
http://kray.pushkinlibrary.kz/kz/%D0%BF%D1%80%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%B0/2016-10-01-10-45-13.html