Шоқан асулары

Омбы қаласындағы кадет корпусының шәкірті 13-14 жасар Шоқанды мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп ерте мойындаған. Ол кітапханаларда сирек кездесетін көне кітаптарды құныға оқыған. Сол үшін ол Шығыс, ағылшын, француз, неміс тілдерін үйренеді, сурет салу, карта сызу өнеріне ден қояды. Петербург университетінің профессоры И.Н. Березиннің ақылымен ескі жазу ескерткіштерін оқуға, зерттеуге де көп уақыт бөлген. 1853 жылы кадет корпусын бітірген Шоқан Г. Гасфорттың адъютанты болып орналасқан соң, қызметін атқара жүріп, Орта Азия халықтарының жағрафиясын, этнографиясын зерттеуді қолға алады. Ол 1855 жылы Орталық Қазақстанда, Жетісу, Тарбағатайда болып, онда жайлаған елдің тарихын, әдет-ғұрпын, діни наным-сенімдерін хатқа түсіреді. 1856 жылы полковник М. Хоментовскиймен Шоқан қырғыз еліне саяхат жасайды. Сол жылы атақты саяхатшы-ғалым П.П Семенов-Тянь-Шанскиймен тізе қосып, еңбек етеді.




Панда