Шоқан құқықтанушы
Ұлт мақтанышы Шоқан Уалихановтың атқарған қай ісі, соңында қалған қандай мұрасы болса да - зор қазына, ұрпаққа өнеге. Туған елінің мәртебесі мен бүгінгі болашағы үшін соңғы демі қалғанша тер төгіп еңбектенген ғалым рухын жаңғыртып, оның атқарған мәңгілік істеріне тағзым ету - баршамыздың борышымыз.
Шоқан Уәлихановты ағартушы, саяхатшы, этнограф, фольклорист, Қазақстан, Шығыс Түркістан және Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші ретінде ғана біліп келдік.
Алайда, Шоқанның адамдық болмысы, саясаткерлігі мен құқықтанушылығы жайлы ертелі-кеш дүниеге келген рухани мұралар күні бүгінге дейін түбегейлі зерттеліп, саяси-құқықтық тарихы тұрғысынан біртұтас ғылыми еңбекке арқау бола қойған жоқ. Дегенмен ол Ресей патша үкіметінің қатыгез отаршылдық саясаты мен сол кездері байтақ даланы билеген әскери-қанаушы басқарушылардың аяусыз қыспағына қарамастан, қазақ даласын басқару аппаратында жауапты қызмет атқара жүріп, отаршылардың солақай саясатына қарсы шықты өзінің көрқарасын ашық жариялады...