Соғыс қаһармандары
Тәуелсіздік рухын жырлаған Махамбет пен ержүрек Аманкелді батырлардың бойындағы қайсарлық пен ұлтжандылық ҰОС жылдарында қазақтың ұл-қыздарының бойынан табылды. Туған елін қорғауда жанқиярлық ерлік үлгісін көрсеткен халқымыздың аяулы ұл-қыздары Кеңес Одағының батырлары - Әлия мен Мәншүк, Төлеген мен Ізғұтты бастаған шығысқазақстандық 109 батыр. Халық қаһармандары Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов және қазақтың тұңғыш ұшқыш-қызы, штурман Хиуаз Доспанова.
Қаһарман Хиуаздың ерлігін бейбіт өмірде жалғастырып жүрген тағы бір ұшқыш қыз, біздің жерлесіміз – Тоты Әмірова. Алып «Эйрбас-320» ұшағының капитаны Тоты Әмірова ТМД елдері бойынша нәзік жандылар арасындағы әуе кемесінің жалғыз капитаны. Тоты - Атырау әуежайына Хиуаз Доспанованың есімі берілуіне көп еңбек сіңірген. Ерлік- ұрпаққа ұран, елге - мұра деге осы шығар. Хиуаз апамыздың ізін басқан Тоты болса, оның ісін жалғастырар ержүрек қазақ қыздары шығатынына сенімдімін.