Мемлекет қайраткерлері
Елінің жарқын болашағы үшін еңбек еткен ерлер мен ұлт басшылары аз емес еді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дуайт Эйзенхауер: «Мен бүгін керемет бір адаммен таныстым. Ол – Кеңестер Одағындағы өте білімді саясаткер, халқының даналығын терең меңгерген, сирек кездесетін тұлға» деген екен. Ол кім туралы айтты деп ойлайсыздар? Әрине - Қонаев туралы. Ол ғұмырының 50 жылға жуық уақытын, еліміздің дамуына арнаған бірегей тұлға. Қонаев басшылық еткен жылдары ғылым, өндіріс пен мәдениет өркендеді. Алматы қаласы ерекше сәулетті нақышқа ие болды.
Махамбет, Шоқай, Тұрар, Әлихан бойындағы қайсар рух желтоқсан жастарынан табылғаны рас.
Өзінің өмір жолында мың өліп, мың тірілген қазақ халқының басына Тәуелсіздік орнап, сол Тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті болу бақыты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды! Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстары мен жетістіктерінің негізі елбасының көшбасшылық факторында жатыр. Назарбаевтың көреген басшылығының нәтижесінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.