Mobirise Website Builder

ӘУЕЗОВ МҰХТАР

Мұхтар Әуезов – көрнекті жазушы, оның «Абай жолы» романы 200 томдық «Дүниежүзілік әдебиет кітапханасына» енген, қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946), еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Өскемен картасында Мұхтар Әуезов атындағы даңғыл 1997 жылы пайда болған. Жазушының 100 жылдығына орай Краснооктябрьская көшесі Мұхтар Әуезов атындағы даңғыл болып өзгертілді.