Михаил Чистяков - ақын, прозашы,
КСРО Жазушылар одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген өнер қайраткері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы. Чистяков
шығармашылығының басты тақырыбы – Кенді Алтай жері мен адамдары.
Михаил Чистяковтың есімі Өскемен қаласының Құрылыс алаңы шағын ауданындағы көшелердің
біріне берілген.